Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ: БИЛІК ПЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МЕХАНИЗМІ

Жарияланды June 2026

1

3

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

e-mail: mereige@gmail.com

Bio
×

Мерей Муратова

Муратова Мерей Муратовна - саясаттану кафедрасының докторанты, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, жетекші ғылыми қызметкер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Қазақстан Республикасы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Bio
×

Марина Онучко

Онучко Марина Юрьевна - саяси ғылымдар докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы Парламентінің цифрлық платформасы бір-бірінен оқшау электрондық сервистер жиынтығы ретінде емес, заң шығарушы билік пен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ететін институционалдық тетік ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы саяси коммуника-цияның тек техникалық форматын ғана емес, жария биліктің делдалдық құрылымын да өзгертіп жатқанымен байланысты. COVID-19 пандемиясы бұл үдерісті жеделдетіп, онлайн-құралдарды қосымша арнадан күнделікті өзара іс-қимылдың орнықты инфрақұрылымына айналдырды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Парламенті қолданатын цифрлық құралдардың функционалдық мүмкіндіктерін, институционалдық шектеулерін және саяси әсерін айқындау. Әдіснамалық негізді институционалдық тәсіл, ресми цифрлық ресурстарға жүргізілген контент-талдау, шетелдік тәжірибелерді салыстырмалы талдау, case-study және SWOT-талдау құрайды. Эмпирикалық базаға parlam.kz порталы, Мәжілістің цифрлық сервистері, e-Otinish жүйесі, ресми құжаттар, сондай-ақ азаматтардың өтініштері мен депутаттық сауалдар жөнін-дегі статистикалық деректер енгізілді. Зерттеу нәтижелері цифрлық платформа парламенттік ақпараттың қолжетімділігін арттыратынын, өзара іс-қимыл шығындарын азайтатынын және кері байланыс арналарының аясын кеңейтетінін көрсетті. Сонымен бірге ол әзірге толыққанды партисипаторлық модельден гөрі ақпараттық-сервистік модельді күштірек қолдайды. Автор-лар цифрлық парламентаризмнің келесі кезеңі азаматтардың тартылуын ашық мониторинг-теуді, аналитикалық модульдерді дамытуды және цифрлық арналарды парламенттік күн тәртібін қалыптастыру үдерістеріне тереңірек кіріктіруді талап етеді деп пайымдайды.

Pdf (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
Муратова, М. і Онучко, М. 2026. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ: БИЛІК ПЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МЕХАНИЗМІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 156–170. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.014.