Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ КӨШІ-ҚОНЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды September 2021

323

130

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: meru_12_12@mail.ru

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

М.К. Шнaрбековa

Ph.D, доцент м.a., әлеуметтaну және әлеуметтiк жұмыс кaфедрaсы, әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университетi, Aлмaты қ., Қaзaқстaн

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

М.Д. Қалмуханбетова

 әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университетi, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1 курс докторанты, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Мақала қазақстандық студенттердің халықаралық және  ішкі көші-қонының жаңа тенденциясын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде анықтауға бағытталған. Авторлар тақырып аясында шетелдік және отандық зерттеулерге баса назар аудара отырып, Қазақстанда студенттердің халықаралық және ішкі көші-қонының қысқа және ұзақ мерзімді себеп-салдарын эмпирикалық зерттеу қажеттілігін айқындайды. Мақалада қазақстандық студенттердің халықаралық және ішкі көші-қонының статистикалық мәліметтеріне сапалы талдау жасалады, ішкі және сыртқы көші-қонның негізгі себептері анықталады және оның кері салдарын алдын алу жолдары теориялық талданады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің 2020-2021 жылдарға арналған Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жастардың білім беру көші-қонының себептері мен салдарлары талданады.

pdf (Русский)
Тіл

Українська