Жаһанданған қоғамда отбасылардың трансформациясы әлеуметтік, саяси және заңнамалық мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты мақаланың басты мақсаты – батыс елдерінің, әсіресе Франциядағы, «жаңа отбасыларының» пайда болу үрдісін әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеу. Сонымен қатар, осы үрдістерге сүйемел болған заңдарды теңдік қағидатының жүзеге асуы тұрғысынан талдау.
Тарихшылар мен демографтардың ортақ пікіріне сай 1960 жыл тиесілі географиялық аймақтағы отбасы трансформацилары тұрғысынан бетбұрысты кезең. Мақаланың бірінші бөлімінде біз 1960 жылға дейінгі отбасы үлгісі мен оған негіз болған гендерлік контрактінің өзгеруін сипаттаймыз. Келесі кезекте біз екі түрлі «жаңа отбасыларының» – нукреарлық моделге негізделген аралас отбасылар мен медициналық көмек нәтижесінде нәрестелі болған, көбіне бір ата-аналық отбасылардың негізгі сипаттамаларына автордың жеке зерттеулеріне негізделе отырып тоқталатын боламыз. Соңында, осы отбасылардың қалыптасуын сүйемелдеген мемлекеттік саясатты талдай келе, осы бағыттағы зерттеулердің Орталық Азия мен әлем қауымдастығы деңгейіндегі болашағын талқыға аламыз.

