Мақала Қазақстандағы студент жастардың діни бағдарларын әлеуметтік, институционалдық және цифрлық контекстердің тоғысында талдайды. Мақсат - діни әлеуметтенудің негізгі арналарын, әртүрлі діни бедел иелеріне білдірілген сенімді және діндарлықтың институ-ционалдық өлшемдерінің жеке тәжірибемен арақатынасын анықтау. Эмпирикалық материал 2025 жылғы қаңтар-маусымда квоталық және ыңғайлы іріктеу тәсілдерін ұштастыру арқылы жиналған стандартталған сауалнама деректерінен тұрады (N = 1052). Сипаттамалық статистика, Пирсонның χ² критерийі және Спирменнің рангтік корреляциясы қолданылды. Отбасы діни құндылықтарға ықпал ететін орта ретінде респонденттердің 69,6%-ының жауабында көрінді. Діни ақпаратты ата-ана мен туыстардан алатынын 52,2%, интернеттен алатынын 44,2% көрсетті. Жергілікті имамдар мен мүфтилерге сенім 55,8% болса, шетелдік уағызшыларға сенім 7,5%-ды құрады. Ең жоғары корреляция діни институттардың қоғамдық рөлін бағалау мен дін-мемлекет қатынасы туралы көзқарас арасында тіркелді (r_s = .354, p < .001). Жеке діни тәжірибе қалған өлшемдермен әлсіз байланысқан. Деректер студент жастардың діндарлығында отбасылық сабақтастық, цифрлық ақпарат және жергілікті институционалдық бедел қатар әрекет ететінін көрсетеді. Алайда кездейсоқ емес іріктеу және 18-22 жастағы респонденттердің басымдығы тұжырымдарды барлық жастарға таратуға мүмкіндік бермейді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ БАҒДАРЛАРЫ: ӘЛЕУМЕТТЕНУ АРНАЛАРЫ, ДІНИ БЕДЕЛ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҰСТАНЫМДАР
Жарияланды September 2026
3
1
Аңдатпа
Тіл
Українська
Кілт сөздер
діни құндылықтар
студент жастар
діни әлеуметтену
зайырлылық
цифрлық дін
діни бедел
дін-мемлекет қатынастары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нуров, М. 2026. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ БАҒДАРЛАРЫ: ӘЛЕУМЕТТЕНУ АРНАЛАРЫ, ДІНИ БЕДЕЛ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҰСТАНЫМДАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 95, 3 (Sep. 2026), 86–103. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.95.3.005 .

