Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ СЕНІМ ДИНАМИКАСЫ: СОЦИО-МӘДЕНИ ДЕТЕРМИНАНТТАР ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Жарияланды September 2026

2

0

Алматы Менеджмент Университеті

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

Ажар Сериккалиева

Ажар Ермековна Серіккалиева - Ph.D, профессор-зерттеуші, School of Social Sciences and Transformative Humanities, Халықаралық қатынастар институты, «Алматы Менеджмент Университет» ББМ, Алматы, Қазақстан

Алматы Менеджмент Университеті

e-mail: a.balykbayeva@almau.edu.kz

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

Ардақ Балықбаева

Ардақ Шәкірқызы Балықбаева - ғылыми қызметкер,  PhD кандидат, «Алматы Менеджмент Университет» ББМ, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Қазақстан жастарының институттарға сенімі қоғамдық легитимділік пен әлеуметтік капиталдың маңызды көрсеткіші болғанымен, оның қысқа мерзімді динамикасы, бағалау негіздері және тұлғааралық сеніммен арақатынасы бір аналитикалық үлгіде сирек қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - 2023 және 2024 жылдардағы AlmaU Trust Barometer деректері негізінде жастардың бизнеске, медиаға, үкіметтік емес ұйымдарға және үкіметке сенім иерархиясын, осы сенімнің функционалдық және этикалық өлшемдермен байланысын, сондай-ақ тұлғааралық және институционалдық сенім арасындағы алшақтықты анықтау. Қайталанатын көлденең қималы екі сауалнамадан 18-35 жастағы 793 респонденттің деректері талданды (2023: n = 395; 2024: n = 398). Сипаттамалы статистика, тәуелсіз іріктемелерге арналған t-тест, жұпталған t-тест және Спирменнің рангілік корреляциясы қолданылды. Бизнеске сенім екі жылда да ең жоғары және тұрақты болды (6,30 және 6,31), ал үкіметке сенім 5,92-ден 5,66-ға төмендегенімен, айырмашылық 0,05 деңгейінде статистикалық мәнді болмады. Барлық институттарда ең жоғары корреляциялар мақсаттылық пен болашаққа бағдар секілді функционалдық-стратегиялық өлшемдерге тиесілі болды; алайда коэффициенттердің өзара айырмасы бөлек статистикалық тестпен бағаланған жоқ. Отбасы мен достарға сенім институционалдық сенімнен едәуір жоғары шықты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - институционалдық иерархияны, бағалау өлшемдерін және сенім алшақтығын Қазақстан жастарының біртұтас эмпирикалық бейнесінде біріктіруі. Нәтижелер жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдарға, медиаға, бизнеске және азаматтық секторға нәтижелілік, түсінікті мақсат, кері байланыс және рәсімдік әділдікті қатар күшейту қажеттігін көрсетеді.

pdf
Тіл

Українська