Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

МАҢҒЫСТАУДА КЕҢЕСТІК БАСҚАРУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ АДАЙ УЕЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Жарияланды September 2026

0

0

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

e-mail: ayaguz1510@mail.ru

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

Аягөз Нұрманова

Нұрманова Аягөз Қайырғалиқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

Киікбай Жаулин

Жаулин Киікбай Мыңбайұлы – саяси ғылымдар докторы, профессор, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

Сәлім Китигулов

Китигулов Сәлім Базарбекұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

##plugins.themes.healthSciences.article.authorBio##
×

Гүлнар Өтесова

Өтесова Гүлнар Екпінқызы – аға оқытушы, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан.

Аңдатпа

Мақала 1917–1920 жылдардағы Маңғыстауда кеңестік басқару институттарының қалыптасуы мен Адай уезінің құрылуын биліктің легитимдігі, мәжбүрлеу, ресурстық қамтама-сыз ету және аумақтық бейімделу арақатынасында талдайды. Зерттеудің мақсаты революциялық және азамат соғысы жағдайындағы билік үзілістерінің жергілікті басқару құрылымдарын қандай тетіктер арқылы өзгерткенін және бұл үдерістің Адай уезінің құрылуына қалай алып келгенін анықтау.

Әдіснама. Зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Маңғыстау облысының мемлекеттік архивіндегі құжаттар, жарияланған архивтік жинақтар және оқиғаға қатысушылардың естеліктері құрайды. Проблемалық-хронологиялық, тарихи-салыстырмалы және институционалдық талдау әдістері, сондай-ақ үдерісті қадағалау тәсілі қолданылды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан 1920 жылы Адай уезінің Қазақ АКСР жүйе-сінде бекітілуіне дейінгі институционалдық өзгерістер бес кезеңге бөлініп, билік органдарының құзыреті, жергілікті өкілдік, ресурстарды жұмылдыру және аумақтық бағыныс динамикасы салыстырылды.

Нәтижелер. Талдау Маңғыстаудағы кеңестік басқарудың бірізді және сызықтық жолмен қалыптаспағанын көрсетті. Үдерістің өзара байланысты төрт негізгі тетігі анықталды: институ-ционалдық қабаттасу; сайланбалы органдарды төтенше басқару құрылымдарының алмастыруы; мәжбүрлеу мен ресурстық жұмылдырудың тоғысуы; аумақтық бейімделу. Ақпан революция-сынан кейін бұрынғы әкімшілік аппарат толық жойылмай, комиссарлық басқару, атқару комитеттері, қоғамдық ұйымдар мен кеңестер қатар әрекет етті. Азамат соғысы жағдайында ревкомдар саяси және әскери өкілеттікті шоғырландырғанымен, олардың нақты басқару мүмкіндігі жергілікті көлік, мал, азық-түлік, байланыс және өкілдік желілеріне тәуелді болды.

pdf
Тіл

Қазақ