Мақала 1877-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыруды Ресей империясының шекаралық басқару тәжірибесі аясында зерттейді. Мақсат - 1881 жылғы Петербург шартында Іле өлкесі тұрғындарына берілген бодандық таңдау құқығының халықты тіркеу, жер мен су бөлу, болыс құру және салықтық есепке енгізу тәртібіне қалай ауысқанын анықтау. Деректік негізді Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құжаттары, шарттың жарияланған мәтіні, 1897 жылғы санақ материалдары және отандық әрі шетелдік зерттеулер құрайды. Тарихи-институционалдық, проблемалық-хронологиялық және салыстыр-малы әдістер қолданылып, әкімшілік есептерге деректанулық сын жасалды. Салыстыру 1877 жылғы дүнген босқындарын шұғыл қабылдау мен 1881-1884 жылдардағы ұйымдасқан көштің құқықтық негізі, әкімшілік даярлығы және ресурстарға қолжетімділігі жағынан ерекшеленгенін көрсетті. Шарттан кейін отбасыларды тізімдеу, қоныс орнын таңдау және жаңа елді мекендерді облыстық басқару жүйесіне енгізу алдыңғы орынға шықты. Жер бөлу қазақ қауымдарының маусымдық пайдалану кеңістігін тарылтты, ал көшіп келген отбасылар жер, су және мүлік тапшылығы жағдайында шаруашылық құруға мәжбүр болды. Ғылыми жаңалық шарттық нормадан болыстық және салықтық есепке дейінгі басқару тізбегін тұтас қалпына келтіруден көрінеді. Практикалық маңызы әкімшілік және санақ деректерін сыни салыстыру үлгісін ұсынуында. Зерттеудің үлесі – 1877 жылғы шұғыл қабылдау мен 1881-1884 жылдардағы ұйымдасқан көшті өзара сабақтас, бірақ мазмұны бөлек екі режим ретінде ажырату.
ЖЕТІСУДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ БАСҚАРУ: ҰЙҒЫРЛАР МЕН ДҮНГЕНДЕРДІ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (1877-1884)
Жарияланды October 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
шекаралық басқару
көші-қон саясаты
Жетісу
ұйғырлар
дүнгендер
Петербург шарты
жер саясаты
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тойбаев, А. and Қабылдинов , З. 2026. ЖЕТІСУДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ БАСҚАРУ: ҰЙҒЫРЛАР МЕН ДҮНГЕНДЕРДІ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (1877-1884) . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 95, 3 (Oct. 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.95.3.007 .

