Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨПТІЛДІЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды March 2021

123

81

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

Bio
×

А.А. Даулеткелдыева

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Әлеуметтану» кафедрасының І курс докторанты

Аңдатпа

Бұл мақалада «көптілділік», «үштілділік», «қостілділік», «монотілділік», «плюрилингвизм» және «мультилингвизм» ұғымдарының мәні түсіндіріліп, олардың өзара арақатынасы ажыратылады. Қазақстан үкіметінің билингвизм саясаты, тілдердің үштұғырлығы туралы бағдарламаларымен қатар, Қазақстандағы алғаш көптілділік идеясының көтерілуі және еліміздің білім беру жүйесінде көптілділікке қатысты әр жылдары атқарылған жұмыстардың хронологиясы көрсетілген.

Көптілділікті зерттеу бойынша шетелдік және отандық ғылыми зерттеулерге сараптамалық шолу жасалып, полимәдени қазақстандық алаңда тілдік сауаттылықты арттыру мәселелері сөз етіледі. Мақала мақсаты – білім беру жүйесіндегі көптілділікті зерттеудің өзекті әлеуметтанулық мәселелерінің негізгі бағыттарын көрсету, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі көптілділіктің қалыптасу ерекшеліктері мен    оның заманауи талаптарға сәйкестігіне әлеуметтанулық талдаудың қажеттілігін бағамдау.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Даулеткелдыева, А. 2021. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨПТІЛДІЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 170–177. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-8940.24.