Мақалада әлеуметтануда инфертилдікті зерттеудің өзектілігі қарастырылады. Ерлер мен әйелдердің фертилдік қабілетінің төмендеуі демографиялық дамудың репродуктивті мүмкіндіктерін төмендетеді.
Некедегі бедеулік — жеке тұлға мен отбасының ғана емес, сонымен бірге қоғамның өзекті әлеуметтік мәселесі ретінде зерттеуді қажет етіп отыр. Қазақстандағы ерлі-зайыптылардың балалы бола алмауы, отбасындағы жанжалға, әлеуметтік-психологиялық қолайсыздыққа, ажырасулар санының өсуіне әкеліп отырғандығы, бедеулік пен белсіздіктің әлеуметтік өзекті мәселе екендігі түсіндіріледі. Мақалада инфертилдікті әлеуметтанулық тұрғыдан зерттей отырып, ер мен әйел адам денсаулығын қорғау, отбасындағы бедеулік мәселесін шешеуде көмекші репродуктивті құралдарға, суррогат ана қызметіне жүгіну мәселелері қарастырылған.