Мақала қазақстандық студенттердің халықаралық және ішкі көші-қонының жаңа тенденциясын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде анықтауға бағытталған. Авторлар тақырып аясында шетелдік және отандық зерттеулерге баса назар аудара отырып, Қазақстанда студенттердің халықаралық және ішкі көші-қонының қысқа және ұзақ мерзімді себеп-салдарын эмпирикалық зерттеу қажеттілігін айқындайды. Мақалада қазақстандық студенттердің халықаралық және ішкі көші-қонының статистикалық мәліметтеріне сапалы талдау жасалады, ішкі және сыртқы көші-қонның негізгі себептері анықталады және оның кері салдарын алдын алу жолдары теориялық талданады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің 2020-2021 жылдарға арналған Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жастардың білім беру көші-қонының себептері мен салдарлары талданады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ КӨШІ-ҚОНЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ
Жарияланды September 2021
195
19
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
білім беру
көші-қон
студенттер
студенттердің халықаралық мобильдігі
мобильдік
білім берудің интернационалануы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шнaрбековa М. і Қалмуханбетова, М. 2021. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ КӨШІ-ҚОНЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 72–80. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-8940.08.