Мақалада қазіргі таңда Қазақстанның демократиялану жағдайындағы аса маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын өкілді билік органдарының сайлау институты арқылы қалыптасуы мен даму эволюциясы ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалды. Қазақстандағы өкілді билікті қалыптастыруда жүргізілген сайлауларды жан-жақты талдап, саяси ғылым тұрғысынан баға беру ғылыми мақаланың негізгі мақсаты. Өйткені, еліміздегі сайлау процесі демократиялық режимге сәйкес заңнамалық реформаларға ұшырап, жетілдірілу барысында бірталай қиыншылықтарға ұшырап, соған қарамастан дамып келеді. Сондықтан мақалада сайлаудың эволюциялық даму барысындағы мәселелері салыстырмалы талдау, кросс-темпоралдық салыстыру әдістері арқылы зерттеліп, даму ерекшеліктері анықталды. Тәуелсіз Қазақстандағы сайлаулар негізінде қалыптасқан өкілді биліктің құрылымы, әсіресе электораттың сайлауға қатысу ерекшелігі, Парламенттің Мәжіліс палатасындағы әйелдер үлесі, партиялар саны, орташа жас көрсеткіші салыстырмалы талданды. Өйткені, жүргізілген сайлаулар өкілді биліктің сапалы қалыптасуының бірден-бір көрсеткіші.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЙЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: САЯСАТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ
Жарияланды June 2021
211
135
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
. Сайлау, электорат, сайлау жүйесі, Парламент, саяси қатысу, саяси партиялар, демократия.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әміржанова, А. 2021. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЙЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: САЯСАТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 74, 2 (Чер 2021), 133–141. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-8940.20.