Мақалада сакралды аудан кеңістіктерін зерттеудің анағұрлым тиімді әдістері қарастырылады. Діни сала мен сакралды кеңістіктерді зерттеудің заманауи әдістері әлеуметтік географияда басқа зерттеулерге қарағанда ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Оның ерекшелігі сол физикалық география (сакралды ландшафтылар мен сакралды кеңістікті зерттеу барысында) мен әлеуметік география, психология, философияның (геодіни саланы зерттеу барысынды) әдістері мен тәсілдері бір-бірмен үйлесін табады.
Сакралды кеңістікті зерттеу барысында территориялық ерекшелігі бар сондай-ақ, әлеуметтік – мәдени үрдістерді құрастыратын құбылыс ретінде зерттеуге болады. Жалпы алғанда сакралды кеңістік – рухани қызмет атқаратын ерекше қасиеті бар территория болып табылады. Сол ерекшелік немесе қасиет діни болуы мүмкін, табиғи және тарихи болуы мүмкін. Бұл қасиетті мекендерді мақсатты түрде жергілікті мекенде нақты бір админстративті аудан немесе обылыс көлемінде зерттеу түбегейлі нәтиже береді. Әрбір ауданда ауылда немесе қалада сол жергілікті тұрғындар үшін мистикалық мағынасы бар діни объектілер мен мекендер бар. Бұл белгілі бір өзен-көл, тау-тас, әулие жатқан зираттар, ерекше биоценозға ие орман-тоғайлар, сондай-ақ жергілікті халық үшін көп көмегін тигізіп отырған бұлақтар мен жер асты сулары сияқты объектілерді атап көрсетуше болады. Демек, басында айтып өткендей діни, тарихи, табиғи орындарды жергілікті тұрғындардың айтуымен насихаттап, әкімшілік-админстративті мекенді межелей отырып, анықтаған тиімді деп көрсететін авторладың пікіріне сүйенеді. Ол тәсілдерге көңіл бөлер болсақ: теориялық, бағалау (жердің ерекшелігін), аналитикалық, конструктивті тәсілдердің әдістері талданады.