Ұсынылып отырған ғылыми мақалада девианттық мінез-құлық ұғымы, оның түрлері мен қазіргі қоғамдағы кеңінен таралған сипаттарына талдау жасалынып, оның әлеуметтік, биологиялық және психологиялық факторлары да қарастырылады. Сонымен қатар, девианттық мінез-құлықтың түрлеріне сипаттама бере отырып, оның еліміздегі қалыптасу жолдарына да шолу жасалған. Девианттық мінез-құлық деп саналмайтын кейбір қоғам үшін қалыпты саналатын мәселелерге талдау жасайды. Қоғам үшін зиянды саналатын девианттық мінез-құлықтың алдын алу шараларын қарастыруды да ұсынады. Мақалада ауытқыған мінез-құлықтың жас талғамайтындығына да тоқталған. Қылмыс әлеміне итермелейтін әртүрлі факторларға талдау жасалынған. Қылмыстың сипаты мен түрлерін ажыратып көрсеткен.Сонымен бірге, мақалада қазіргі кездегі еліміздегі ауытқыған мінез-құлық мәселесінің өзектілігіне қатысты басқа да мәселелердің бар екендігі көрсетіледі.
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
девианттық мінез-құлық
делинквенттілік
суицид,
криминалды мінез-құлық
еліктеушілік,
тұқымқуалаушылық
нашақорлық,
маскүнемдік.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Иманбаева, А. 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 74, 2 (Чер 2021), 79–83. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-8940.12.