Мақалада XІХ ғacыpдaғы Россия және Қытайдың шекара келісімі, ХХ ғасырдың басындағы Моңғолияның тәуелсіздік алу кезеңіндегі бір бөлім елдің бөлініп қалуынан бастап, өткен ғасырдың басында түрлі себептермен ауып барған қазақтардың қоныстану жағдайы айтылады. Аталмыш елдердегі ирреденттер мен диаспораның ара жігін ашып қараудың қажеттілігі жайлы ой қозғалады. Өйткені қазіргі Қазақстан қоғамындағы халықтың шеттен келген ағайынға деген оң пікірін қалыптастыруда мұндай тақырыпты қозғаудың өзіндік маңызы бар.