Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Жарияланды June 2021

120

119

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті

e-mail: madina74.04@mail.ru

Bio
×

М.А. Омарова

тарих ғылымдарының кандидаты, Абылай хан ат.ҚазХҚжӘТУ, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: madina74.04@mail.ru

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Bio
×

К.Қ. Смағұлова

философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: sgulshat72@mail.ru

Аңдатпа

Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар тек мемлекеттер арасындағы әрекеттесуді қамтып қана қоймай, ғаламдық, трансұлттық сипатқа ие болуда. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен еларалық мәселелер әлемдік қауымдастықтың анағұрлым көп мүшесінің қатысуын талап етуде. Осы орайда мемлекеттердің халықаралық ұйымдар шеңберінде әрекеттесуі үлкен маңызға ие болды.  Көптеген мәселелерді екіжақты форматта шешу мүмкіндігі болмағандықтан көпжақты ынтымақтасу қатысушылар-дан халықаралық-құқықтық реттеудің жоғары деңгейін қажет етеді. Сол үшін де мемлекеттер арасындағы байланыстардың маңызды тармағы ретінде олардың халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтас-тығы қарастырылуда. Қазақстан да бұл үдерістен сырт қалып қоймай, бірқатар халықаралық ұйымдар құрудың бастамашысы болғаны да белгілі.  Шығыстағы көршісі Қытаймен де халықаралық ұйымдар аясында байланыстарды дамытуда. Атап айтсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, еліміздің тікелей бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Қытай үшін халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты аймақ қауіпсізідігі мен тұрақтылығын сақтау болып табылады. Аймақтағы бейбітшілікті сақтаумен қатар сауда, экономика, көлік қатынасы секілді ынтымақ-тастықтың басқа салалары да көпжақты форматта дамып келеді, өзара байланыстарды дамытуда екі ғана емес көп мемлекеттің саяси-экономикалық әлеуетін пайдалану өте тиімді болып саналады.  Мақалада Қазақстан мен Қытайдың халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығының мәселелері мен даму болашағы қарастырылған.

 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Омарова, М. і Смағұлова, К. 2021. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ МЕН БОЛАШАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 74, 2 (Чер 2021), 41–50. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-8940.06.