Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ: САЯСИ АСПЕКТІЛЕР

Жарияланды December 2021

146

254

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

e-mail: tkhafiza25@gmail.com

Bio
×

K. Турсынбаева

Аға оқытушы, магистр, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіб Қазақстан

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

С. Аскарова

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.,  Қазақстан e-mail: sauleaskarova77@gmail.com

Аннотация

Қазіргі кезеңде тіл мәдениетаралық қарым-қатынас тетігі, халықтардың өзара түсіністігінің және өзін-өзі дамыту мен байытудың құралы, сондай-ақ шетел әдебиеті, мәдениеті мен технологияларының жетістіктерімен тікелей танысу құралы болып табылады. Тіл белгілі бір мәдениеттің аясында жұмыс істейді және шет тілін үйренуші осы мәдениеттің өзіндік құндылықтары  мен тілді қолдану ерекшеліктерімен таныс болуы керек.  Ұлтаралық қарым - қатынас мәдениеті - бұл тұлғаның өзге ұлт адамдарына, олардың мәдениетіне, тарихына және ұлттық қадір-қасиетіне құрметпен қарауы. Шет тілдерін оқыту процесінде студенттерді ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті рухында тәрбиелеу білім беру жүйесінде жүзеге асырылады.  Білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру, дағдыларды қалыптастыру тұлғаның біртіндеп қалыптасуымен тығыз байланысты, оның ұлтаралық мәдениет мұраттары оның өмірінің мазмұнына айналады. Шет тілдерін оқыту мен тәрбиелеуді ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті рухында сәтті үйлестіру үшін осы екі процестің үйлесімін қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік және педагогикалық жүйе құрылу қажет.

pdf (English)
Тілі

English

Как цитировать

[1]
Турсынбаева K. і Аскарова, С. 2021. ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ: САЯСИ АСПЕКТІЛЕР . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 88–95. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-8940.03.