Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚЫТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды December 2021

169

116

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті

e-mail: madina74.04@mail.ru

Bio
×

М.А. Омарова

тарих ғылымдарының кандидаты, Абылай хан ат.ҚазХҚжӘТУ, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: madina74.04@mail.ru

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті

Bio
×

Е. Бақытжанұлы

«Шығыстану» мамандығының 2 курс магистранты, Абылай хан ат.ҚазХҚжӘТУ, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: ye.bakytzhanovich@gmail.com

Аңдатпа

Экономикалық дипломатия – халықаралық қатынастардың өте көне құбылысы. Қытайда Көктем мен күз және Соғысушы мемлекеттер кезеңінің өзінде-ақ түрлі вассалдар бір-бірімен алым-салық, сый-сияпат түрінде байланыста болды, сөйтіп, шын мәнінде экономикалық дипломатияның тәжірибесін бастап берді. Жаңа тарихта Батыс елдері өнеркәсіптік шикізат іздеу мен нарықтағы үлесін кеңейту мақсатында Қытайдан сауда порттарын ашуды, тарифтерді төмендетуді талап етіп, Қытайды несие беруге мәжбүрлемек болды. Бұл да сипаты бойынша экономикалық дипломатия болып саналады. Қытай реформалар мен ашықтықтан кейін халықаралық экономикалық жүйеге барған сайын тереңірек араласқан сайын, халықаралық экономикалық және дипломатиялық аренада біртіндеп «бастамашыға» айналды. Қытайдың әлемдегі екінші ірі экономикаға айналу үдерісі оның экономикалық дипломатиясын жан-жақты зерттеуге деген құлшынысты арттырды. Қытайдың экономикалық күш-қуаты ғаламдық дамудың әскери, саяси және мәдени салаларынан асып түсіп, бүгінгі таңда Қытай, іс жүзінде, ұлттық қауіпсіздікке, саяси тұрақтылық, әлеуметтік даму және басқа да маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық құралдарды тиімді пайдаланып келеді. Сондықтан да Қытай экономикалық дипломатиясын зерттеу маңыздылығынан көрсететін аталмыш мақала оның түрлі сипатта дамуының эволюциялық дамуын саралайды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Омарова, М. і Бақытжанұлы, Е. 2021. ҚЫТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 12–20. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-8940.09.