Мақалада Қазақстандағы миграциялық процестердің негізгі себептері мен қоғамдық жүйелерге тигізетін салдары қарастырылады. Сондай-ақ бұл мақалада автор Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттеріндегі миграциялық жағдайды сипаттайтын отандық және шетелдік авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, халықтың бір жерден екінші жерге қоныс аударуына итермелейтін экономикалық, әлеуметтік және саяси факторларды топтастырған.
Ел тарихындағы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге көші-қон үрдісі тікелей ықпал етті. Бүгінгі уақытта сыртқы көші-қонмен қатар халықтың көші-қон үрдістері де Қазақстан қоғамы үшін өзекті. Ішкі көші-қон ауылдан қалаларға қоныс аударған миллиондаған қазақстандықтардың өміріне түрлі сипаттағы өзгерістер алып келді, республика аумағындағы ірі қалалардың пайда болуына әсер етті.