Мақалада әлеуметтік таңдаудың тәсілдері және олардың алуан түрлілігі, сондай-ақ әлеуметтік таңдаудың әлеуметтанулық категория ретіндегі қоғамдағы рөлі және оның сипаттамалары көрсетілген. Әр түрлі формадағы әлеуметтік таңдау жеке тұлға өміріндегі барлық әлеуметтік орталарда орын алатын құбылыс. Әлеуметтік таңдау еркіндігіне әсер ететін факторлар алуан түрлі: қоғамға, жеке қалаулар мен кездейсоқ жағдайларға, әлеуметтік-саяси оқиғаларға т.б. байланысты. Мақалада аталған факторлардың ішінде маңыздысы қоғамдық мүдде екендігін, жеке тұлғалардың таңдауына қоғамдық мүдденің әсер ету жағдайларын ашуға талпыныс жасалады. Кез-келген мемлекет үшін белгілі бір әлеуметтік саясат көбінесе қоғамдық мүдделерге қызмет етеді. Алайда, көп жағдайда көпшіліктің мүдделеріне қарағанда халықтың ықпалды бөлігінің ерекше мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып жатады. Әлеуметтік таңдау мүмкіндігі – адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруының өлшемі. Бұл мақалада қоғамдық мүддеге бағытталған саясатты әзірлеу процесінде әлеуметтік таңдау мәселесі практикалық тұрғыда әлеуметтік-саяси тұжырымдамалық дилемма болып табылады. Әлеуметтік таңдау мен қоғамдық мүдде арасындағы байланыстың мемлекеттік саясатта қалай анықталатыны, өлшемдері мен даму сипаты және жүзеге асырылуы туралы нақты зерттеулер қазіргі таңда әлеуметтік таңдау туралы толық түсініктеме бере алмай отыр. Сондықтан, әлеуметтік таңдау категориясын әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеудің, қоғамдық мүдделердің сипатын және әлеуметтік саясаттың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мүмкін болатын жағдайларды анықтау және бағалау өте маңызды мәселе.
ӘЛЕУМЕТТІК ТАҢДАУ: ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІҢ ӘСЕРІ
Жарияланды December 2021
161
74
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Куанышбаева, Ж., Кантаева, Қ. і Карибаев, О. 2021. ӘЛЕУМЕТТІК ТАҢДАУ: ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІҢ ӘСЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 56–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-8940.12.