Социологиялық тұрғыдан алғанда, ұлттық бірегейлік - бұл әртүрлі материалдық, мәдени және психологиялық аспектілері арқылы бір-бірінен ерекшелене отырып, ұлттық бірлік пен келісімді қалыптастыруға бағытталатын, қоғамға жататындығын эмоционалдық сезінудің бір түрі. Қазіргі кезеңде этникаландыру және субұлттық бірегейлік пен субмәдениеттің қалыптасу құбылысы аса маңызды болып отыр, және осыған орай ұлттық басқаруға негізделген аумақтық бөліну, теңсіздік, депривация, идеология және отаршылдық сияқты факторлар қоғамдағы этникалық ұлттандыруда маңызды рөл атқарады. Бірегейліктің этникалануын ұлттық құндылықтар арасындағы байланысты әлсірететін және ұлттардың жақындасуын сақтау мүмкіндігіне қауіп төндіретін процесс деп айтуға болады. Ауғанстандағы ұлттық бірегейлікке қатысты шындық – бұл, өз аумақтары, құндылықтары мен мәдениеті бар ұлттар мен этностар арасында әлі де терең байланыс орнамағандығы.
Ауғанстандағы бірегейлік дағдарысы топтардың әлеуметтік сегрегациясына бағытталған және әлі де толық ыдыраудың сатысына жеткен жоқ. Ұлттық бірегейліктің болмауы ұлттық бірлік, ұлттық қатысу және әлеуметтік әділеттілік сияқты ұғымдарды дамытуда жағымсыз салдарға алып келуде және азаматтық ұлтшылдықтың қалыптасуына кедергі болып отыр.