Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

Жарияланды March 2022

172

180

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: sarybayevaai@gmail.com

Bio
×

А.Б. Сарыбаева

әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ,  Алматы қ., Қазақстан e-mail: sarybayevaai@gmail.com

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Bio
×

Ж.Б. Болат

әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан e-mail: bolat.zhansaya@list.ru

Аңдатпа

Мақалада отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері, себептері және қатыгездік қауіпінің факторлары сипатталады.

Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселенің бірі: отбасындағы зорлық-зомбылықтың балаларға әсері. Қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың жайылып күшеюі, жағдайдың ушығып бара жатқаны мәлім. Бұған себеп ата-ананың отбасындағы ұрыс-керісі, ішімдік, есірткінің зардаптары. Балаларды ұрлап кетіп, оны саудалау, ауыр жұмысқа салып қою немесе дене мүшелерін сату факторлары жиі кездесіп отыр. Осы жағдайлардың бәрі де әлемдегі шешімі табылмай келе жатқан мәселе. Зорлық-зомбылық көрген баланың бойын үрей билейтіні анық, осындай қылмысты балалардың жасырып қалуынан, зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін болмай жатыр. Осыған байланысты мақалада Қазақстанда, Ресейде және шет ел отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне салыстырмалы талдаулар жасалды. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген сауалнамалар нәтижелері талқыланды. Ғылымдағы зорлық-зомбылық ұғымының түсіндірмелерін, және де балаларға қатыгездік санаттарын жүйелеу ұсынылды.

pdf