Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

БІЛІМ БЕРУ КӨШІ-ҚОНЫ: ШЕТЕЛДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды March 2022

348

238

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: lady_meruert96@mail.ru

Bio
×

Меруерт Калмуханбетова

әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университетi, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1 курс докторанты, Алматы, Қазақстан, kalmukhanbetova.meruert@gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Bio
×

Меруерт Шнарбекова

Ph.D, доцент м.a., әлеуметтaну және әлеуметтiк жұмыс кaфедрaсы, әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университетi, Aлмaты, Қaзaқстaн, meruert.shnarbekova@kaznu.kz

Аңдатпа

Мақалада әлемде орын алып отырған көші-қон үрдісі, жоғары білім берудегі миграция жан-жақты қарастырылады. Қазіргі әлемде халықаралық білім беру көші-қоны қарқынды дамуда. Білім беру көші-қоны көбінесе елдің экономикалық даму серпіні мен сипатын айқындайды. Осы тұрғыда Қазақстан үшін үлкейіп келе жатқан проблема білім беру қызметтерінің халықаралық нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында білім беру көші-қонын реттеу болып табылады. Осыған байланысты әлемдік білім кеңістігінде «білім миграциясы» термині пайда болып, аталған үрдіс әлемнің барлық елдеріне қатысты өзектілікке ие болуда. Кәсіби білім беру мен әлемдік жаһандану жағдайында көпмәдениетті әрі әмбебап тұлғаны қалыптастырудың маңызы артты. Студенттердің басқа елдердің мәдениетін құндылық ретінде қабылдауы, кәсіби салада шет тілін пайдалану дағдылары шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді байланыстарды орнатуда қазіргі жұмыс берушілермен жоғары бағаланады. Тіпті, шет тілін білудің  көпмәдениетті қоғамда әлеуметтену мен бейімделудің өзіндік құралы екендігін де ерекше атап өтуге болады. Аталған қоғамдық өзгерістер халықаралық білім миграциясын тудырып, қоғамдық зерттеуді қажет ететін тақырыпқа айналуда.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Калмуханбетова, М. і Шнарбекова, М. 2022. БІЛІМ БЕРУ КӨШІ-ҚОНЫ: ШЕТЕЛДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 67–76. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-8940.08.