Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ДІН МЕН ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ

Жарияланды March 2022

224

138

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: zakon_ali_kz@mail.ru

Bio
×

Мейірбек Жұмағұлов

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Әлеуметтану» мамандығының докторанты,  Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zakon_ali_kz@mail.ru

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада зайырлы білім мен діннің саналы ұрпақ тәрбиелеудегі орны мен ролі сипатталады. XX ғасырдың 90-шы жылдары орын алған ірі саяси оқиғалар қоғамның құндылықтары мен рухани қазынасына терең әсер етті. Автор осы тақырып аясында жазылған ғылыми еңбектерді талдау арқылы, зайырлылық ұғымының табиғатына тоқталып, зайырлы білімнің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ықпалын сипаттайды. Конституция кепілдік берген діни бостандықты дұрыс пайдалану үшін, жастарға қажетті білім мен дағдыны қалыптастыруды отбасы мен білім беру мекемелері жүзеге асыруда. Алайда, қазақ қоғамында діни орталықтар айрықша сенімге бөленген. Жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеу зайырлы тұрғыда орта білім беру мекемелерінің құзырына берілгенімен, бұқара халық діни бірлестіктерді рухани-адамгершілік пен отансүйгіштік-ағартушылық тәрбиелеудің бір мекемесі деп біледі.

Зайырлы және діни білімнің дұрыс ара-қатынасына қол жеткізу жеке тұлға мен әлеуметтік ортаның құндылықтарын интеграциялауға мүмкіндік туғызады. Ортақ мәдени, идеологиялық, жүйелі-білімдік мақсатты көздеген зайырлы білім беру мен діннің арақатынасы қазақ халқының ұлттық мүддесіне қызмет етеді.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жұмағұлов, М. 2022. САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ДІН МЕН ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 5–9. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-8940.01.