Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

АДАМЗАТ БОЛАШАҒЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҮДЕРІСТЕРІ

Жарияланды March 2022

147

195

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: shu.tan@mail.ru

Bio
×

Ш.Қ. Абеуова

ф.ғ.к., доцент, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан e-mail: shu.tan@mail.ru

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Bio
×

Ж.Ж. Куанышбаева

Ph.D, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кaфедрaсының аға оқытушысы, Абай aтындaғы Қaзaқ ұлттық Педагогикалық университетi, Aлмaты, Қaзaқстaн, e-mail: kuanyshbayeva.kz@gmail.com

Қазақтың Спорт және туризм акадмиясы

Bio
×

К. Ж. Додаева

гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақтың Спорт және туризм акадмиясы, Aлмaты, Қaзaқстaн, e-mail: dodaeva75@gmail.com

Аннотация

Бұл мақалада футурологияның өзекті мәселелерін және оның жіктелуі келтірілген. Бұл жерде футурология ілімінің аясын кеңейту қажеттігі туындайды, себебі, оны тек адамзат болашағымен шектеуге болмайды, сондықтан, «футурология дегеніміз – уақыт өлшемінің болашақтағы мазмұнын тұтастай зерттейтін адамзат үшін практикалық тұрғыдан аса маңызы бар ілім», – деп тұжырым-дауымызға болады. Қазіргі таңдағы адамзатты алаңдатып отырған ғаламдық мәселелер мен адам мен әлем арасындағы қайшылықтар, болашаққа үміт пен сенімнің бекітілуі мен жоғалуы, келешектің тұңғиық асқақтығы мен көз жетер уақыттың айқындығы сияқты түйткілдер  жаңаша таным құруды, дүниені түйсінудің өзіндік тың ұстанымын айғақтауды және оған деген өзгеше көзқарас қалыптастыруды қажет етіп отыр.

pdf