Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ӘӨЖ794(187) МРНТИ 03.20.20 «КЕЙІНГІ СТАЛИНИЗМ» ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Жарияланды December 2022

90

64

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: Talgatqyzy@inbox.ru

Bio
×

Айнур Камза

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доктаранты,  Алматы, Қазақстан, e-mail:talgatqyzy@inbox.ru
Аннотация

Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Кеңестер Одағымен қатар Қазақстандағы саяси-құқықтық жүйенің жаңарып, соғыс кезеңінде құрылған төтенше басқару органдары таратылады, сондай-ақ бір адамның жоғары мемлекеттік лауазымдарды қоса атқаруы жойылады.

«Кейінгі сталинизм» тұсында заң шығарушы және өкілді билік органдарының бүкіл жүйесі әртүрлі деңгейдегі кеңестерге бүкілхалықтық конституциялық сайлау негізінде қайта құрылды. Одақтық және республикалық органдардың өкілеттіктерін қайта бөлу процесі басталып, республикалардың құқықтары кеңейтілді. Республикалық Конституциялар, заңнамалық актілер одақтық-құқықтық негізде біріздендірілді.

Мақалада Қазақстанда «кейінгі сталинизм» кезеңінде салалық орталық басқару органдарының қайта құрыла бастағанын сөз етеді. Сонымен бірге. Үкімет мүшелері басқаратын министрліктер негізгі буындар болып табылатынын, олар атқарушы және әкімшілік функцияларды жүзеге асыра отырып, басқарудың салалық принципі негізінде қызмет жасағаны айтылады.

Сонымен қатар, мақалада биліктің қызмет ету механизмі бір меншік нысанының мемлекеттің, бір идеологияның марксизм-ленинизмнің, бір коммунистік партияның билігінің, бір басшының басшылығының бөлінбеген үстемдігі жағдайында жүзеге асырылғаны айтылады.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Камза, А. 2022. ӘӨЖ794(187) МРНТИ 03.20.20 «КЕЙІНГІ СТАЛИНИЗМ» ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 80, 4 (Груд 2022), 65–69. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-8940.2022.4.80.007.