Мақалада саяси ғылымда әлі зерттелмеген құқықтық мәдениетті насихаттау мәселелері қарастырылған. Мақалада Қазақстан материалдары бойынша құқықтық мәдениетті, құқықтық өмір салтын насихаттаудың саясаттану аспектілері және құқық бұзушылықты жеңу жолдары туралы толығырақ қарастырылады. Мақалада құқықтық мәдениетті насихаттаудың тереңдігі мен нәтижелілігі ең алдымен осы мәселенің ғылыми тұрғыда зерттелуіне байланысты екені атап өтілген.
Құқықтық мәдениетті насихаттау – күрделі де көп қырлы міндет. Ол үгіт-насихат кадрларының, барлық идеологиялық және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үнемі назарында болуын талап етеді. Оны құқықтық, қоғамдық өмірдің процестерін заңмен тығыз байланыстыра отырып, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және сыртқы саясат салаларында жүргізіп отырған саясатын жан-жақты зерделеу негізінде ғана жүргізілуі мүмкін. Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің құқықтық әрекеттерінің бірлігі бұқараға идеялық-құқықтық ықпал етудің тиімділігін арттыруға әкеледі: егер бұл жұмыста құқықтық мәдениетті қалыптастырудың кейбір буындары ескермесек, онда құқықтық шындық және басқалары әлсірейді. Сонымен бірге, құқықтық мәдениетті насихаттау жүйесінде мемлекеттік, қоғамдық және идеологиялық-құқықтық ұйымдардың функцияларын белгілеудің маңызы зор, бұл олардың жауапкершілігі мен ынталылығын арттырып, қоғамның барлық салаларына идеялық-құқықтық ықпал ету адам қызметінің барлық салаларына әсер етеді. Бұл мақалада дискуссиялық мәселелерге де назар аударылған.