Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды December 2024

25

6

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: simanbaeva4@gmail.com

Bio
×

Сандуғаш Иманбаева

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Bio
×

Асель Сарсенова

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымд. профессоры, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аңдатпа

Жастардың жыныстық мәдениеті мен құндылық мәселесі қазіргі басты мәселелердің бірі. Қазіргі жастар жыныстық төңкерістің әсерінен қалыптасқан жыныстық қатынасты реттейтін ережелер мен тәртіптерден тыс өмір сүреді. Сонымен қатар, медицинада қол жеткізген жетістіктердің арқасында жастардың жыныстық белсенділігі артып, жыныстық қатынасқа түсі жасы жасарды. Осындай жағдайларда жастардың жыныстық мәдениетін дамыту мен қалыптастыру ерекше маңызға ие. Мақалада қазіргі жастардың жыныстық мәдениеті мен мінез-құлқы, оның қалыптасуына әсер ететін факторлар қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты қазіргі жастардың жыныстық мәдениет мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу. Әлеуметтанулық зерттеудің эмпирикалық базасын 18-29 аралығындағы жастар құрады. Респонденттердің жалпы саны- 1200 (Қазақстанның 6 аймағынан 200 респондент). Зерттеу сауалнама әдісі арқылы жүргізілді. Зерттеу мәліметтері SPSS 22 статистикалық бағдарламада өңделді.
Зерттеу нәтижесінде жастар жыныстық қатынасты кейінге қалдырудың немесе түспеудің себептері анықталды: тәрбиелік, діни, ауру жұқтыру қатері және отбасылық. Жастардың жыныстық жетілуде физиологиялық өзгерістер туралы ақпарат алу формальді және формальді емес факторлар арқылы болды. Формальді факторларға: Интернет ресурстары, теледидар; формальді емес: анасы немесе отбасы, жеке өзінің іздену арқылы ақпараттар жатады.
Алынған нәтижелер жастардың жыныстық мәдениетінің ерекшелігін талдау, оның қалыптасуына әсер ететін факторлар мен қайшылықтарды анықтау мектеп, жоғары оқу орындарында жыныстық тәрбие бағдарламаларын әзірлеу үшін практикалық маңызы бар. Соған сәйкес, зерттеу нәтижелері жастардың жыныстық мәдениеті мен мінез-құлық мәселелеріне қатысты жыныстық тәрбие мен білім беру бойынша жастар саясатының бағдарламаларын әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Иманбаева S. і Сарсенова A. 2024. ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 88, 4 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2024.88.4.005.