Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗІРГІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланды June 2025

188

111

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

e-mail: Sultanova8012@gmail.com

Bio
×

Акмарал Султанова

Султанова Акмарал Мухтаровна – PhD  докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,  Алматы қ.,  Қазақстан Республикасы;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Bio
×

Айсулу Хайрулдаева

Хайрулдаева Айсулу Маткасымовна – әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетті,  Алматы қ., Қазақстан республикасы;

Аннотация

Мақалада көпбалалы отбасыларға қатысты зерттеген шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне теориялық шолу жасалған. Бұл зерттеу қазіргі көпбалалы отбасылардың алдында тұрған негізгі мәселелерді, мүмкіндіктер мен шектеулерді анықтауға бағытталған. Елімізде көпбалалы отбасылардағы дағдарыстар санының күрт өсуіне байланысты қазіргі уақытта мұндай отбасылардың зерттеу өзектілігі артып отыр. Көпбалалы отбасылардың басты проблемалары әлеуметтік, психологиялық және экономикалық сипатта. 

Зерттеудің мақсаты қазіргі көпбалалы отбасылардың басты мәселелерін, мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау. Мақалада Алматы қаласындағы көпбалалы отбасылармен (N=10) сапалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу тереңдетілген сұқбат әдісі көмегімен жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша көп балалы отбасыларда материалдық және тұрмыстық мәселелер әлі де орын алып жатқаны анықталды. Мемлекет тарапынан ұсынылатын басты көмек түрі ретінде: мемлекеттік жәрдемақы мен мектеп жасындағы балаларға мектепте «тамақтану» түріндегі қызмет түрі ұсынылады. Көпбалалы отбасылардың материалдық жағдайларын отбасы кірісі (жалақы) ғана қанағаттандыратыны айқындалды. Сонымен қатар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың жүйелі көмек көрсету механизмі жұмыс жасайтыны анықтады. Бұндай ұйымдардың көпбалалы отбасылардың материалдық-тұрмыстық мәселелерін шешуде маңызы зор. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды экономикалық факторлардың себебінен отбасылық дағдарыс орын алуы кездеседі.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көпбалалы отбасылардағы орын алатын дағдарыстар бойынша шешім қабылдауға және әлеуметтік саясат мәселесін шешуге, сонымен қатар көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік және жергілікті деңгейде қосымша бағдарламаларды әзірлеуде көмек көрсетуі мүмкін.

pdf (English)