Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ТҰТЫНУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ПРОЦЕСІНЕ СӘН ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Жарияланды March 2025

0

0

Гази университеті

Bio
×

Бейхан Забун

Бейхан Забун – PhD, Гази университетінің ассистент профессоры, Анкара қ., Түркия;
e-mail: bzabun@gazi.edu.tr

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: saule_22@inbox.ru

Bio
×

Сауле Жолдыбаева

Жолдыбаева Сауле Ашірбекқызы – философия магистрі, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының PhD докторанты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аңдатпа

Бұл зерттеу тұтыну қоғамындағы студент жастардың тұлға болып қалыптасуына әлеуметтену процесінің алатын маңызын, оны жүзеге асырудағы сән құбылысының ықпалын талдауға бағытталған.  Зерттеудің негізгі мақсаты  - студенттік ортадағы тұтынушылық тәжірибенің ерекшеліктері мен механизмдерін анықтау болып табылады. 

Қоғам арнайы зерттеуді қажет ететін әртүрлі әлеуметтік топтардан тұрады. Осы орайда студенттер қоғамның ең кәсіби бағдарланған және перспективалы бөлігін құрайды. Сондықтан студенттік ортадағы тұтынушылық тәжірибенің қандай дәрежеде іске асатынын нақтылау үшін оны тиянақты зерттеп, дұрыс  бағалау қажет. Қазіргі заманда студент жастардың көпшілігі тұтынушылық сұраныстың шыңында және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды даму циклінде өмірге келіп, қалыптасқандықтан олар, көбінесе, өздерінің адами мәртебесін түрлі аксессуарлар тағу, сәнді киім кию арқылы танытуға машықтанған. Демек, студент жастардың тұтынуға қатысты мінез-құлқының негізгі тетігі болып табылатын заманауи сәнді заттар жастардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарында басымдыққа ие маңызды аспект болып табылады. Мақалада студент жастардың әлеуметтену процесіне сән құбылысының ықпалын анықтау мақсатында  2023 жылы  жүргізілген зерттеу нәтижелері  ұсынылған. Зерттеу нәтижелері студенттік ортадағы тұтынушылық тәжірибені жүзеге асыру механизмдерінің дұрыс жолға қойылмағандығымен сипатталып отыр. Эмпирикалық зерттеулер әртүрлі факторлардың студенттердің тұтынушылық тәжірибелерін қалыптастыруға әсер етудегі нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді. Студенттік ортадағы тұтынушылық тәжірибенің дамуын зерттеу  практикалық маңызға ие.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Забун B. і Жолдыбаева S. 2025. ТҰТЫНУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ПРОЦЕСІНЕ СӘН ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.89.1.010.