Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

АРНАЙЫ КІТАПХАНАЛАР КӨРУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ЖАНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Жарияланды March 2025

0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Bio
×

Улжан Тунгатова

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан Республикасы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Bio
×

Индира Сарыбаева

социология ғылымының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы аға оқытушысы, соц.ғ.к., Алматы, Қазақстан Республикасы;

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

e-mail: omarova.asem@mail.ru

Bio
×

Асем Омарова

PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер  кафедрасы аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Bio
×

Альбина Молжанова

«7М11401-әлеуметтік жұмыс» БББ бойынша ғылым магистрі,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Көру қабілеті бұзылған адамдар қоғамда көптеген қиындықтарға, соның ішінде көбінесе білім алуда, жұмысқа орналасуда, әлеуметтік қарым-қатынаста және ақпараттану процесінде қиындықтар кезігіп жатады. Кітаптар, журналдар және газеттер сияқты материалдардың көпшілігі баспа түрінде болғандықтан олардың білім алуы, оқиғалар мен жаңалықтар туралы білуі, қызығушылықтары мен хоббилерін дамытуы шектеледі. Бұл мәселені шешуде көру қабілеті бұзылған адамдарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар маңызды рөл атқарады. 

Мақаланың теориялық бөлімінде зағип жандарға арналған кітапхананың даму тарихына, арнайы кітапхананың олардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға интеграциялануына қатысты ғылыми шолу жасалады. Зерттеудің эмпирикалық бөлімін Алматы қаласындағы Республикалық арнайы кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері арасында құрылымданған сұхбат әдісімен жүргізілген зерттеу нәтижелері құрайды. Зерттеу нәтижесінде арнайы кітапханалар зағип жандардың  өзін-өзі дамытуы мен қоғам өміріне белсенді араласуына, қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделуіне белсенді ықпал ететіні анықталды. Мақалада кітапханада өткізілетін мәдени-ағартушылық іс-шаралардың оқырмандардың өмір сапасын жақсартуына әсері және арнайы кітапханалардың жұмысын жақсартудағы кездесетін мәселелер талданады. Мақала нәтижелерін мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған инклюзивті білім беру жүйесінде және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қолдануға болады.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тунгатова , У. , Сарыбаева, И., Омарова, А. і Молжанова, А. 2025. АРНАЙЫ КІТАПХАНАЛАР КӨРУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ЖАНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.89.1.001.