Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕТІК РЕТІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ: ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫ

Жарияланды March 2025

45

52

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Bio
×

Жулдыз Давлетбаева

Давлетбаева Жулдыз Жетпысбаевна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Bio
×

Ұлан Бекіш

Бекіш Ұлан Абдилкаилұлы – PhD, вице-ректор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

e-mail: a.zagrebin@apa.kz

Bio
×

Александр Загребин

Загребин Александр Вительевич – докторант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,  Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті

Bio
×

Лира Раисова

Раисова Лира Фазыловна – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Мемлекеттік басқарудағы қазіргі тенденция ашықтық пен есеп беру тетіктері арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады. Қазақстанда осындай тетіктердің бірі – қоғамдық кеңестер. Мақаланың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Қазақстанның қоғамдық кеңестері қызметінің тиімділігін зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін деректерді жинау мен талдаудың сапалы әдістері қолданылды. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасына әлеуметтік жауапкершіліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бес тетігінің: бірлескен бюджеттеу, қоғамдық мониторинг, ақпаратқа қолжетімділік, ұйымдасқан азаматтық қоғам мен қатысу және бұқаралық ақпарат құралдарының сақталуына талдау жүргізілді. Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының қоғамдық кеңестерінің мүшелерімен (қатысушылар саны – 12) фокус-топтың нәтижелері зерделенді. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы рөлі шектеулі екенін көрсетті. Атап айтқанда, олардың бюджетті қалыптастыруға және заңнаманы әзірлеуге қатысуы аз. Қоғамдық кеңестердің мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына ықпалы төмен деп сипатталады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдар тарапынан қысымға ұшырайды. Заңнамалық өзгерістер кеңестерге міндетті өкілеттіктер беру, сондай-ақ кеңес мүшелерін қысымнан қорғау шаралары қажет. Азаматтардың хабардарлығын арттыру және олардың шешім қабылдауға белсенді қатысуын қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекетті басқарудағы азаматтық қоғамның рөлін арттыру үшін де маңызды.

pdf (English)
Тілі

English

Как цитировать

[1]
Давлетбаева, Ж. et al. 2025. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕТІК РЕТІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ: ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 89, 1 (Бер 2025), 68–83. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.89.1.009.