Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

БАЛАНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАДА: БАЛАЛЫҚ ШАҚ ДИСКУРСЫН МӘСЕЛЕНДІРУ

Жарияланды September 2025

147

66

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

e-mail: k.mukhambetova74@gmail.com

Bio
×

Куралай Мухамбетова

Мухамбетова Куралай Арапбаевна - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Bio
×

Нурлан Байгабылов

Байгабылов Нурлан Оралбаевич – PhD, әлеуметтану кафедрасының оқытушы-зерттеушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Bio
×

Гулазия Исахова

Исахова Гулазия Дуйсенхановна - әлеуметтік жұмыс магистрі, әлеуметтану кафедрасының аға оқытушы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,  Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Bio
×

Жұлдыз Күмісбек

Күмісбек Жұлдыз Сәндібайқызы - әлеуметтік ғылымдар магистрі, әлеуметтану кафедрасының докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты-балалық шаққа қатысты заманауи түсініктер контекстінде балалар әл-ауқатын талдау және балалар өмірін талдаудағы жаңа әдістерді қарастыру. Авторлар, қиын өмірлік жағдай контекстіндегі баланың әл-ауқаты тұжырымдамасына назар аудара отырып, балалық шақ феноменін зерттеуді объектісі ретінде анықтады. Қазіргі зерттеулерде, балалық шақ - балалардың мәдени және әлеуметтік  қоршаған ортамен қарым-қатынасының нәтижесінде құрастырылған әлеуметтік конструкт ретінде қарастырылады.

Балалық шақ-балалар өз тәжірибесін қалыптастыруға белсенді қатысатын әлеуметтік шындықты құру мен түсіндірудің белсенді процесі. Бұл қалыпты универсализмнен өзгеше дискурсивті, плюралистік көзқарас. Балалық шақ туралы заманауи зерттеулер, балаларға қатысты және олардың қатысуымен өтетін зерттеулердегі этикалық сұрақтарды көтереді.

Авторлар ресми балалық шақ құбылысын талдау нәтижелерін ашатын есептерден, интернет-ресурстардан, ғылыми мақалалардан, соның ішінде соңғы бес жылдағы рецензияланған ғылыми әдебиеттерінің Scopus дерекқорынан алынған деректерді талдай отырып, кабинеттік зерттеу жүргізді. Бірінші реттік әлеуметтанулық деректерді алу әдісі ретінде балалармен жұмыс істейтін 111 маман қатысқан сараптамалық сауалнама жүргізілді, оған: әлеуметтік жұмыскерлер, мектеп және ЖОО оқытушылары, медицина қызметкерлері, психологтар, заңгерлер, ювеналды әділет өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар әлеуметтанулық зерттеу құрылымдары мен ҮЕҰ қызметкерлері қатысты.

 

pdf (English)
Тілі

English

Как цитировать

[1]
Мухамбетова, К. et al. 2025. БАЛАНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАДА: БАЛАЛЫҚ ШАҚ ДИСКУРСЫН МӘСЕЛЕНДІРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 5–23. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.91.3.001.