Бұл ғылыми мақалада цифрлы трансформация жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің гуманитарлық аспектілері туралы айтылады. Заманауи ағымдағы түрлі мәселелердің жиынтығынан құралатын ақпараттық кеңістіктегі әлеуметтік үрдістер соңғы он жылдықта елеулі назарға ілініп, түрлі зерттеу институттарының тарапынан зерттеле бастады. Ақпараттық кеңістіктегі аталмыш үрдістер кейде мемлекет бақылауынан шығып қалып жатады. Көп жағдайда осы тектес тексерілмеген ақпараттардың үлкен көлемді түрде тарауынан жаңа конфликтілер туындап жатады. Бастапқыда аталмыш қиындықтарды оңай жіті назарда ұстап басқару мүмкіндігі болғанымен, уақыт өте келе ақпараттар тарапынан туындайтын қиындықтарды басқару мүмкіндігі қиындап жатқандығын түсіне аламыз. Қоғамды цифрландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз мақсатын түбегейлі орындауға бел буып, Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдері ішінде цифрлануы бойынша 1-орынға шығып отыр. Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының цифрлану тәжірибесіне эмпирикалық зерттеулер жүргізіліп, тарихи-салыстырмалы әдіснама негізінде көрші елдермен салыстырмалы сараптама жұмыстары жасалған. Аталмыш тақырып аясында айналысып жүрген отандық зерттеушілердің бірқатар еңбектеріне баға беріліп, шетелдік тәжірибе туралы айтылады. Қазақстандағы цифрландыру мақсатында жүзеге асырылған мемлекеттік маңызды шартты бағдарламалардың қаншалықты деңгейде жүзеге асырылғандығы туралы хабардар ететін статистикалық мәліметтер қоры да негізге алынған. Халықаралық стандартқа сәйкес цифрлы трансформацияның қазақ қоғамында еркін таралуы үшін қолайлы алғышарттар жасалған. Қазақ қоғамының цифрлы трансформация өтуі ең бірінші кезекте Қазақстан халқы үшін тиімді болмақ. Қазақстан халқының иденттілігі толыққанды қалыптасқан өз мәресіне жетіп, ұлттық иммунды жүйе әлемдік тәжірибе негізінде өз өміршеңдігін арттыра түседі. Қазақстан Республикасының экономикалық жандануына және өндірістік тұрғыдан ілгерілеуіне цифрланудың қосар үлесі зор. Цифрлану барысында жергілікті халықтың өмір сүру сапасы да жоғарылайтыны даусыз. Цифрлы трансформация арқылы біршама шешілмей келе жатқан мәселелерді оңтайлы әрі тез шешуге мүмкіндік ала аламыз. Алайда ақпараттық кеңістіктегі тексерілмеген мәліметтер қоры мемлекетті үлкен әлеуметтік дағдарыстар мен қиындықтарға алып келе алады. Сондықтан да ұлт қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін цифрлану тарапынан төнетін қауіптерге үлкен сақтық шаралары керек.
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН БОЛАШАҒЫ: -
Жарияланды June 2025
97
98
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
ақпараттық қауіпсіздік
цифрландыру
мәдени факторлар
заманауи «халық үніне құлақ асатын мемлекет»
ақпараттық кеңістік
ақпараттық технологиялар
Как цитировать
[1]
Жакауов, М. et al. 2025. ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН БОЛАШАҒЫ: -. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 120–135. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.90.2.008.

