Қазақстанның сыртқы саясаты көпвекторлы сипатымен анықталады. Бұл Қазақстанның жаһандық және өңірлік державалармен тең деңгейдегі қарым-қатынастарды дамытып жатқанын білдіреді. Мұндай сыртқы саяси түсінік Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етуде және оны басқалармен тең құқылы қарым-қатынас жасауға негіз жасауда. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының билік транзиті кезеңіндегі жайы қазіргі таңда зерттелуі тиіс аса маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы билік трансформациясының өзіндік моделі мен оның сыртқы саясаттың траекториясына ықпалы ең негізгі сұрақ болып қала береді. Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда Н.Назарбаевтың халықаралық саясаттағы жеке имиджінің рөлі аза зор.
Қазақстанның жаңа сыртқы саяси бағытының тұжырымдамалық ерекшеліктері: теориялық анализ
Жарияланды December 2020
265
197
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нышанбаев N. 2020. Қазақстанның жаңа сыртқы саяси бағытының тұжырымдамалық ерекшеліктері: теориялық анализ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 164–168. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-8940.23.