Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «ИСЛАМОФОБИЯ» ТЕРМИНІ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланды September 2025

55

48

ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

e-mail: lauratoktarbekova@gmail.com

Bio
×

Лаура Тоқтарбекова

Тоқтарбекова Лаура Ниязбекқызы – PhD, жетекші ғылыми қызметкер, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану жəне дінтану институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Bio
×

Наталья Сейтахметова

Сейтахметова Наталья Львовна – ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану жəне дінтану институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Bio
×

Айкерім Алтайқызы

Алтайқызы Айкерім - PhD, шақыртылған зерттеуші, Стэнфорд университеті, Ресей, Шығыс Еуропа және Еуразиялық зерттеулер орталығы, Стэнфорд, АҚШ;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Bio
×

Жанатбек Ішпекбаев

Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы - саяси ғылымдар кандидаты, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Мақалада британық білімнің өзара байланысқан екі кеңістігінде – парламенттік және академиялық ортадағы «исламофобия» ұғымының қалыптасуы мен шиеленісуі талданады. 1997–2024 жж. аралығындағы Лордтар палатасы мен Қауымдар палатасының стенограммаларына, сондай-ақ К. Аллен, Т. Модуд, Н. Мир, Л. Мусави, А. Вакил, К. Малик және тағы басқа жетекші британдық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, авторлар нормативтік тұрғыдан қабылданған анықтаманың жоқтығы терминнің тұжырымдамалық анық еместігін сақтап, құқық қолдану тәжірибесін күрделендіретінін айқындайды. Үкімет  Жалпыпартиялық парламенттік топтың (APPG, 2018) нұсқасын 2010 жылғы Теңдік туралы заңға қайшы және сөз бостандығын шектеуы ықтимал деп, «мұсылмандарға қарсы өшпенділік» (anti-Muslim hatred) терминін қолдайды. Ал ғылыми қауымдастық кемсітушіліктің құрылымдық сипатын мойындай отырып, терминнің діни және нәсілдік белгілерді араластырғаны үшін сынға алады. Мақала парламенттік және академиялық дискурстардың мұсылмандарға қатысты қарсылықтың институционалдық табиғатын бағалауда тоғысатынын, алайда терминологиялық тұрғыда елеулі айырмашылықтарға жол беретінін көрсетеді. Зерттеудің негізгі жаңалығы парламенттік дебаттар мен академиялық тұжырымдамаларды салыстыра талдап, саяси прагматика мен ғылыми рефлексия арасындағы алшақтықты айқын ашып көрсетуінде.

pdf (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
Тоқтарбекова, Л. et al. 2025. ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «ИСЛАМОФОБИЯ» ТЕРМИНІ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 157–173. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.91.3.012.