Мақалада Қазақстандағы инклюзивті білім беру саясатының іске асуына саяси партиялар мен әлеуметтік желілердің ықпалы талданады. Инклюзивті білім беру қазіргі жағдайда тек педагогикалық ұйымдастыру мәселесі емес, әлеуметтік әділеттілік, азаматтық бақылау және мемлекеттік саясаттың ашықтығы өлшемдерімен байланысты қоғамдық сала ретінде қарастырылады. Зерттеудің дереккөздік негізін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттары, саяси партиялардың бағдарламалық ұстанымдары мен жария коммуникациялары, Оқу-ағарту министрлігі мен халықаралық ұйымдардың есептері, сондай-ақ Google Trends платформасындағы іздеу динамикасы құрайды. Әдіснамалық тұрғыдан құжаттық талдау, мазмұндық талдау және салыстырмалы-сипаттамалық тәсіл қолданылды. Нәтижелер саяси партиялардың инклюзия тақырыбын көбіне білім сапасы, инфрақұрылым, әлеуметтік қорғау және ата-аналарды қолдау мәселелері арқылы көтеретінін көрсетті. Алайда партиялық құжаттарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған нақты индикаторлар мен жүйелі мониторинг тетіктері әрдайым айқын берілмейді. Әлеуметтік желілер қоғамдық назарды күшейтетін, жергілікті проблемаларды тез жария ететін және билік органдарына кері байланыс беретін ортаға айналғанымен, оларды қоғамдық пікірдің толық репрезентативті өлшемі ретінде қабылдау шектеулі. Мақала қорытындысында инклюзивті білім беруді дамыту үшін партиялар, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар қауымдастығы, білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты диалог пен ашық дерекке негізделген азаматтық мониторинг қажет екені негізделеді.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ РӨЛІ
Жарияланды June 2026
1
0
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
инклюзивті білім беру
азаматтық қоғам
саяси партиялар
әлеуметтік желілер
ерекше білім беру қажеттіліктері
мемлекеттік саясат
қоғамдық бақылау
Как цитировать
[1]
Дюсембекова, М. et al. 2026. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 95–108. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.009.

