Мақалада Қазақстан жастарының цифрлық медиақауіпсіздігін қалыптастырудағы медиабілімнің социологиялық рөлі талданады. Зерттеудің мақсаты – медиабілімді тек техникалық дағды немесе ақпаратты тексеру тәсілі ретінде емес, медиатизацияланған қоғам жағдайындағы ақпараттық тұрақтылықты, жауапты коммуникацияны және азаматтық қатысуды қалыптастыратын әлеуметтік тетік ретінде негіздеу. Мақала ғылыми-аналитикалық зерттеу дизайнына сүйенеді; онда концептуалдық талдау, проблемалық-салыстырмалы түсіндіру және модельдеу тәсілдері біріктірілді. Теориялық негіз ретінде медиасауаттылық теориялары, сыни медиабілім тұжырымдамасы, медиатизация теориясы, аудиторияның медианы пайдалану уәждері туралы зерттеулер, коммуникациялық билік теориясы және жалған ақпарат мәселесіне арналған қазіргі ғылыми еңбектер пайдаланылды. Қазақстандағы цифрлық ортаға қатысты ашық аналитикалық деректер зерттеу контексін нақтылау үшін қолданылды. Талдау нәтижесінде жастардың цифрлық медиақауіпсіздігі үш деңгейлі құбылыс ретінде сипатталды: когнитивтік қауіпсіздік дереккөзді бағалау және манипуляцияға қарсы тұру қабілетімен; институционалдық қауіпсіздік білім беру, отбасы, медиасаясат және цифрлық платформалар арасындағы үйлесіммен; этикалық-коммуникативтік қауіпсіздік цифрлық жауапкершілік, дербес деректерді қорғау және онлайн қатысу мәдениетімен байланысты. Мақалада Қазақстанда интернет пен әлеуметтік желілердің кең таралуы жастарға білім алу, коммуникация және азаматтық қатысу мүмкіндіктерін кеңейткенімен, жалған ақпарат, эмоциялық манипуляция, алгоритмдік тұйықталу және деректер қауіпсіздігі тәуекелдерін күшейтетіні көрсетіледі. Мақаланың ғылыми үлесі – медиабілімді жастардың медиақауіпсіздігін қалыптастыратын көпдеңгейлі әлеуметтік инфрақұрылым ретінде ұсыну.
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ МЕДИАҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕДИАБІЛІМНІҢ РӨЛІ
Жарияланды June 2026
1
1
Аннотация
Тілі
English
Кілттік сөздер
медиабілім
медиасауаттылық
цифрлық медиақауіпсіздік
жастар
жалған ақпарат
цифрлық орта
Қазақстан
Как цитировать
[1]
Жапсарбаева, Ж. і Сәбитқызы, А. 2026. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ МЕДИАҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕДИАБІЛІМНІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 82–94. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.008.

