Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

УНИВЕРСИТЕТ ОРТАСЫНДА ЖАС СТУДЕНТТЕРГЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Жарияланды June 2026

1

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: tokbergen80@bk.ru

Bio
×

Жаксылык Токбергенов

Токбергенов Жақсылық Досанұлы - PhD  докторант,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.  

Гази университеті

Bio
×

Забун Бейхан

Бейхан Забун – қауымдастырылған профессор, Гази университеті, Білім беру факультеті, Философия және сабақтас салалар кафедрасы, Техникокуллар, Анкара, Түркия.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Bio
×

Әбдіманап Оңалбеков

Оңалбеков Әбдіманап Керимбекович – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Казахстан.

Аннотация

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, экологиялық жағдайдың нашарлауы және жастардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін өзекті етіп отыр. Бұл құбылыстың маңыздылығы тек физикалық денсаулықпен шектелмей, тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігі мен рухани дамуына да тікелей әсер етеді Зерттеу барысында «Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қарастыру, оның жеке тұлғаның өмір сүру салтымен байланыстылығын түсіну және биологиялық пен әлеуметтік факторлардың өзара ықпалы ескерілуі қажеттігі анықталды Зерттеудің мақсаты – университеттік ортада студенттердің салауатты өмір мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық және мәдениеттанулық алғышартта-рын анықтау. Бұл зерттеуде теориялық талдау (психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік еңбектерді зерттеу), сауалнама, бақылау және салыстырмалы-сараптамалық әдістері қолданыл-ды. Сауалнамаға Абай университеті және Дулати университетінен 400 студент қатысып, олардың 50% ер, 50% қыз студенттер болды. Зерттеу нәтижесінде студенттердің 75%-ы өз тамақтануын бақылауға тырысатынын, ал жартысынан көбі салауатты өмір салтының маңы-зын түсінетінін көрсетті. Сонымен қатар жастардың салауатты өмірге көзқарасын қалыптас-тыруда университет ортасы мен тәрбиелік іс-шаралар жүйесінің рөлі айқындалды.

Pdf