Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА АРҚЫЛЫ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫН ТҮСІНУ

Жарияланды June 2026

1

1

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: gaysina_1983@bk.ru

Bio
×

Мақпал Гайсина

Гайсина  Мақпал Батыргалиевна – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Алматы қ., Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Bio
×

Амергалы Бегимтаев

Бегимтаев Амергалы Ильяшевич – с.ғ.к, доценті м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Аннотация

Зерттеу цифрлық дәуірдегі электоралды психологияның өзгеруін және әлеуметтік медианың сайлаушылардың шешім қабылдау процесіне тигізетін әсерін талдауға бағытталған. Сондай-ақ цифрлық коммуникация құралдарының қарқынды дамуы жағдайында әлеуметтік медианың сайлаушылардың мінез-құлқы мен электоралдық таңдауына ықпал ету тетіктерін қарастыруға арналған. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан контекстінде әлеуметтік желілердің саяси қатысуға және сайлау нәтижелеріне әсерін когнитивті диссонанс теориясы, селективті экспозиция моделі және эхо-камералар концепциясы тұрғысынан анықтау болып табылады. Әдістемелік негіз ретінде салыстырмалы талдау, контент-талдау және электоралды мінез-құлықты психологиялық талдау қолданылды. Эмпирикалық база 750 постты контент-талдау, 185 респондентпен сауалнама және 12 сарапшымен тереңдетілген сұхбаттан құралды. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік медианың когнитивті диссонанс пен селективті экспозиция механизмдері арқылы сайлаушылардың пікірін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Респонденттердің 78%-ы өз көзқарастарын растайтын контентті таңдайтыны, 45%-ы толық ақпараттық оқшаулануда екені анықталды. Талқылауда эхо-камералардың қалыптасуы мен олардың демократиялық процестерге әсері халықаралық зерттеулермен салыстырмалы түрде қарастырылды. Қорытындыда цифрлық технологиялардың электоралды процестерді түбегейлі өзгертетіні атап көрсетіліп, медиасауаттылықты арттыру және алгоритмдік транспаренттілікті қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Гайсина, М. і Бегимтаев, А. 2026. ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА АРҚЫЛЫ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫН ТҮСІНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 144–155. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.013.