Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЦИФРЛЫҚ МЕДИАНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЫҚПАЛЫ

Жарияланды June 2026

8

6

Абай атындағы ҚазҰПУ

e-mail: zhannur_b_92@mail.ru

Bio
×

Жаннұр Болатова

Болатова Жаннұр Болатқызы - PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Аннотация

Мақалада Алматы қаласындағы 10–17 жастағы жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, қысқа бейне сервистерін және көпқатысушы ойын алаңдарын пайдалану ерекшеліктері сараланады. Зерттеу Uses and Gratifications және Affordance теорияларына сүйенеді, бірақ цифрлық арналарды балаға сырттан әсер ететін дара күш ретінде қарастырмай-ды; оларды құрдастармен күнделікті араласу тәжірибесіне кіріккен коммуникациялық орта ретінде пайымдайды. 2025 жылдың мамыр айында Google Forms арқылы 65 респонденттен сауалнама алынды; жекелеген сұрақтар бойынша жарамды жауап саны 62–64 аралығында болды. Эмпирикалық материалдар интернеттің сауалнамаға жауап берген топ үшін бос уақыт құралы шегінен асып, ақпарат алу, өзін таныту, құрдастармен сөйлесу және топтық әрекетке қосылу арнасына айналғанын көрсетті. Көпқатысушы ойындарға қатысу мен достықты бағалау арасында статистикалық мәнді байланыс анықталды (χ² = 7,69; p = 0,021). Сонымен бірге желіде өзін еркін ұстау мен жалғыздықты жиірек сезіну арасында әлсіз, бірақ мәнді корреляция байқалды (ρ = -0,279; p = 0,027). Нәтижелер мектептегі медиатәрбиені техникалық машықпен шектемей, эмоциялық қолдау, цифрлық этика және қауіпсіз сөйлесу мәдениетімен ұштастырудың маңызын негіздейді.

Pdf