Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды April 2026

17

12

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

e-mail: kuanyshbek.yussupov@ayu.edu.kz

Bio
×

Куанышбек Юсупов

Юсупов Куанышбек Есенбекович - PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушы, Түркістан, Қазақстан

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Bio
×

Нурбол Байбахов

Байбахов Нурбол Абдураимович - PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушы, Түркістан, Қазақстан;

Bio
×

Карлыгаш Каныбекова

Каныбекова Карлыгаш Жонарбековна - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  Түркістан, Қазақстан;

Аннотация

Мақалада қазіргі саяси режимдердің трансформациясы және цифрлық орта жағдайында жастардың саяси әлеуметтену тетіктері қарастырылады. Зерттеудің теориялық негізін Э.Гидденстің құрылымдану теориясы, Х. Ортега-и-Гассеттің «бұқара көтерілісі» концепциясы, сондай-ақ К. Шмитттің саясиды «өзге-бөгде» ара жігін ажырату саласы ретінде түсінуі құрайды. Жұмыста Ф.И. Долгих зерттеулеріне сүйене отырып, саяси партиялардың жастар бірлестіктерінің қызмет етуінің институционалдық аспектілері және олардың қызметінің құқықтық тетіктері де талданады. Қатысу формаларын, идентификацияны және жастардың саяси жұмылдырылуын өзгертетін саяси әлеуметтенудің жаңа агенті ретінде әлеуметтік желілердің ықпалына ерекше назар аударылады.

Мақаланың мақсаты - өңірлік контексте жас ұрпақтың саяси әлеуметтену ерекшеліктерін айқындайтын құрылымдық және институционалдық факторларды анықтау, сондай-ақ саяси сананы қалыптастырудың дәстүрлі және цифрлық арналарының арақатынасын талдау. Зерттеу аясында құрылымдық-функционалдық және институционалдық тәсілдер, сондай-ақ дискурсивті талдау элементтері қолданылады. Нәтижелер цифрландыру жағдайында дәстүрлі саяси институттарға сенімнің бір мезгілде төмендеуімен қатар, саяси ұстанымдарды қалыптас-тыруда желілік коммуникациялардың рөлі күшейетінін көрсетеді. Саяси партиялар мен жастар ұйымдары өзара іс-қимылдың жаңа форматтарына бейімделуде, алайда жастардың саяси белсенділік дәрежесіне әсер ететін институционалдық шектеулер сақталуда. Қазіргі саяси әлеуметтену билікті қайта өндірудің институционалдық тетіктері мен қатысудың жаңа цифр-лық формаларын үйлестіре отырып, гибридті сипатқа ие деген қорытынды жасалды, бұл жас ұрпақтың саяси субъективтілігінің қайшылықты, бірақ динамикалық моделін қалыптастырады.

ВЕСТНИК