Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫН ТАЛДАУ

Жарияланды April 2026

72

49

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: venseeva@gmail.com

Bio
×

Венера Енсеева

Енсеева Венера Турсынакыновна - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «8D03101 – Әлеуметтану» мамандығының 2-курс докторанты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Bio
×

Жарқынбек Әбікенов

Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы - PhD,  қауымдастырылған профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан Республикасы;

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Bio
×

Серікхан Жүзеев

Жүзеев Серікхан Әлханұлы - PhD,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы;

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Bio
×

Серғазы Құдайбергенов

Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы - Магистр, аға оқытушы, Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Унивepcитeтi, Aлмaты қ., Кaзaқcтaн Республикасы;

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысы жаһандану және әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі гендерлік рөлдердің қалыптасуы мен трансформациясын қарастырады. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның оңтүстік өңірлері тұрғындарының гендерлік сәйкестігі мен қоғамдағы рөлдерінің қалыптасуына тарихи-мәдени дәстүрлер мен қазіргі заманғы транс-формациялық процестердің (урбанизация, жаппай цифрландыру және ақпараттық ашықтық) өзара ықпалын кешенді түрде анықтау және талдау. Зерттеу сандық және сапалық әдістер негізінде жүргізілді. Эмпирикалық деректерді жинау үшін Қазақстанның оңтүстік облыстарын (Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы және Жетісу) қамтитын Google Forms платформасындағы онлайн сауалнама пайдаланылды. Іріктеме көлемі 750 респондентті құрады, бұл репрезентативтілікті және демографиялық әртүрлілікті қамтамасыз етті. Сауалнама отбасы институты, еңбек бөлінісі, білім беру және қоғамдық белсенділік мәселелерін қамтыды.

Зерттеу нәтижелері оңтүстік өңірлерде дәстүрлі гендерлік модельдер мен инновациялық көзқарастардың қатар өмір сүретінін, кейде өзара қайшылыққа түсетінін көрсетті. Дәстүрлі құндылықтардың беріктігіне қарамастан, ақпараттық технологиялар мен білім деңгейінің өсуі гендерлік теңдікке деген жаңа көзқарастардың қалыптасуына әсер етуде.

Алынған деректер аймақтағы әлеуметтік саясатты жетілдіруге және гендерлік теңдікке бағытталған мәдени-ағартушылық бағдарламаларды әзірлеуге ғылыми-тәжірибелік негіз болады.

ВЕСТНИК (English)
Тілі

English

Как цитировать

[1]
Енсеева, В. et al. 2026. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 93, 1 (Квіт 2026), 121–136. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.93.1.009.