Мақалада қазіргі заманғы трансформациялық жағдайларда Қазақстандағы көпқырлы бірегейліктің саяси үдерістерге – саяси мобилизацияға, партиялық фрагментацияға және мемлекеттік бірегейлік саясатының тиімділігіне – нақты әсер ету тетіктері зерттеледі. Зерттеу сұрағы: интерсекционалдық бірегейлік конфигурациялары Қазақстандағы саяси мобилизация мен этносаралық тұрақтылыққа қандай жағдайларда біріктіруші, ал қандай жағдайларда бөлуші факторға айналады? Теориялық негізін К. Креншоудың интерсек-ционалдық тәсілі, Г. Тэджфел мен Дж. Тернердің әлеуметтік бірегейлік теориясы және Қ.Хирстің «азаматтық ұлтшылдық» тұжырымдамасы – осы үш шеңберді Қазақстандық деректерге операционалдандыру арқылы – құрайды. Әдіснама: PRISMA хаттамасы бойынша жүйелі шолу (бастапқы 247 жарияланымнан 52 еңбек 4 іріктеу критерийі негізінде алынды), салыстырмалы институционалдық талдау және тематикалық синтез. Нәтижелер бойынша: (1) интерсекционалдық тәсіл бірегейлікті экономикалық күн тәртібімен байланыстырмаса ұзақ мерзімді мобилизациялық потенциалын жоғалтатыны анықталды; (2) «біріктіруші ядросы бар азаматтық ұлтшылдық» ретінде сипатталатын Қазақстандық модельдің этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктері жүйелі сипатталды; (3) цифрлық технологиялардың «эхо-камера» феномені арқылы бірегейлік поляризациясын күшейтетіні дәлелденді. Бірегейлік саясатының тиімділігі оны экономикалық, институционалдық және цифрлық саясатпен кешенді үйлестіру дәрежесімен айқындалатыны туралы тұжырым жасалды.
ҚАЗАҚСТАН КОНТЕКСТІНДЕГІ КӨПҚЫРЛЫ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ САЯСИ ҮДЕРІСТЕР: ИНТЕРСЕКЦИОНАЛДЫҚ ТӘСІЛ МЕН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЛШЕМ
Жарияланды April 2026
70
51
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
көпқырлы бірегейлік
саяси үдерістер
бірегейлік саясаты
қазақстандық бірегейлік
саяси мобилизация
азаматтық ұлтшылдық
Қазақстан халқы Ассамблеясы
көпвекторлы саясат
Как цитировать
[1]
Сейтахметова, Н. і Жандосова, Ш. 2026. ҚАЗАҚСТАН КОНТЕКСТІНДЕГІ КӨПҚЫРЛЫ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ САЯСИ ҮДЕРІСТЕР: ИНТЕРСЕКЦИОНАЛДЫҚ ТӘСІЛ МЕН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЛШЕМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 93, 1 (Квіт 2026), 149–161. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.93.1.011.

