Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚОҒАМ: ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛОГИКАСЫ

Жарияланды April 2026

10

3

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: aydossaylaubay@gmail.com

Bio
×

Айдос Сайлаубай

Сайлаубай Айдос - «әлеуметтану» мамандығы бойынша докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

Жанар Сарсенбаева

Сарсенбаева Жанар Ганиевна - саяси ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Bio
×

София Дуйсенова

Дуйсенова София Малкайдаровна – PhD, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы ассамблеясының қауымдастырылған профессоры, Ақтау қ., Қазақстан Республикасы;

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Bio
×

Эльмира Кырыкбаева

Кырыкбаева Эльмира Омарбековна - тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Жалпы университеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Бұл мақалада терроризмді қаржыландыру құбылысы тар экономикалық не құқықтық категория ретінде емес, әлеуметтік құрылымдардың ішкі логикасымен шартталған көпқабатты феномен ретінде қарастырылады. Автор терроризмді қаржыландыру тетіктерін әлеуметтік өрістердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын капитал алмасу механизмдерімен байланыстыра отырып, оның идеологиялық және мәдени детерминанттарын теориялық тұрғыдан негіздеуді мақсат етеді. Әдіснамалық тұрғыда зерттеу П. Бурдьенің капиталдар теориясы мен өріс концепциясына, У. Бектің «қауіп-қатер қоғамы» тұжырымдамасына және С.Жижектің идеологияны талдау парадигмасына сүйенген синтетикалық тәсілге негізделеді. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі қаржылық мониторинг деректері, радикализацияға қатысты ресми есептер және әлеуметтік медиа дискурсына жүргізілген талдау пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері терроризмді қаржыландырудың әлеу-меттік логикасын үш деңгейде айқындайды: микродеңгейде – сенім, туыстық және бейресми желілердің экономикалық ресурсқа айналуы; мезодеңгейде – діни және этникалық қауымдас-тықтар шеңберінде символдық және идеологиялық капиталдың шоғырлануы; макродеңгейде – трансұлттық қаржы желілерінің легитимациялық құрылымдары. Біз бұл үдерістің тек қаржылық емес, мәдени және коммуникативтік инфрақұрылым арқылы ұдайы өндірілетінін көрсетеміз. Бұл талдау терроризмге қарсы саясаттың тиімділігі бақылау тетіктерімен шектел-мей, әлеуметтік-идеологиялық кеңістікті құрылымдық басқаруды талап ететінін білдіреді. Осылайша, қауіпсіздік саясатын социологиялық парадигма негізінде қайта пайымдау қажеттілігі айқындалады.

ВЕСТНИК