Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫНА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН ӨЛШЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ (ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ)

Жарияланды April 2026

24

13

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

e-mail: abidinabubakir@gmail.com

Bio
×

Әбубәкір Әбидин

Әбидин Әбубәкір Надирхожаұлы - әлеуметтік ғылымдар магистрі, Әлеуметтану мамандығы бойынша докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Bio
×

Алтын Мамбетова

Мамбетова Алтын Ибрагимқызы - мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан Республикасы;                   

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Bio
×

Баян Смағамбет

Смағамбет Баян Жүзікбайқызы - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтану кафедрасының доценті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Bio
×

Асем Кульбаева

Кульбаева Асем Мұхитқызы - саясаттану ғылымдарының магистрі, Халықаралық қатынастар бойынша докторант, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Бұл мақала жоғары білім сапасын бағалауда студенттердің қанағаттануы көрсеткішін Пьер Бурдьеннің габитус теориясы аясында қайта қарастырады. Қазіргі халықаралық сапаны қамтамасыз ету күн тәртібінде студент тәжірибесі мен студентке бағдарланған оқу-оқыту практикаларын басым ету тенденциясы артқан сайын, «студенттердің қанағаттануы» индикаторы оқу процесінің сапасын өлшеудегі негізгі көрсеткішке айналды. Алайда бұл көрсеткіш әлеуметтік тұрғыдан бейтарап емес: оның деңгейі студенттердің мәдени капиталы, тілдік тәжірибесі, әлеуметтік желілері және университет өрісіндегі легитимді нормаларға сәйкестігі сияқты құрылымдық факторларға тәуелді. Осы тұрғыдан, біз Қазақстан контекстіне бейімделген көпдеңгейлі индикаторлар жүйесін ұсынамыз, оған педагогикалық тәжірибе, «жасырын оқу бағдарламасы», тілдік режим, инфрақұрылым, әлеуметтік интеграция, символ-дық танылу және әділеттілік, капиталдардың конверсиясы, сондай-ақ нәтижелік траекториялар кіреді.

Біздің талдауымыз көрсеткендей, ұсынылған модель студент қанағаттануын тек қызмет сапасының индикаторы ретінде емес, университеттік ортадағы әлеуметтік теңсіздіктің ықтимал қайта өндірілу механизмдерін айқындайтын әлеуметтанулық өлшем ретінде баға-лауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Harvey және Green (1993) мен ENQA (2015) ұсынған сапаны бағалау парадигмасымен үйлестіріліп, білім беру саясаты мен практикасында нақты интервенциялық шараларды жобалау үшін теориялық негіз құруға жол ашады. Бұл тәсіл тек нәтижелерді сипаттап қана қоймай, әлеуметтік құрылымдық бейімделулер мен символдық зорлықтың студент тәжірибесіне ықпалын сындарлы түрде интерпретациялауға бағытталған. Осылайша, мақала Қазақстандағы жоғары білім сапасын өлшеудің әлеуметтанулық өлшем-дерін концептуалды және теориялық тұрғыдан қайта қарастырады, студенттердің тәжірибесі мен университеттік құрылымдар арасындағы өзара әсерді талдауға мүмкіндік береді.

ВЕСТНИК (English)
Тілі

English

Как цитировать

[1]
Әбидин , Ә. et al. 2026. ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫНА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН ӨЛШЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ (ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 93, 1 (Квіт 2026), 35–45. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.93.1.003.