Андатпа
Мақалада жастардың құқықтық білім алу мәселелері қарастырылады. Жастардың құқықтық оқуы қалай ұйымдастырылуы керектігі Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасында айтылған. Жас буынның құқықтық білім алу мәселелері мен сатылары ғылыми жұмыстың басты тақырыбына айналды.
Құқық үстемдігін орнату үшін жаңа жаһандану заманында өмір мен құндылықтарға дұрыс көзқарасты қалыптастыру қажет, жасөспірімнің құқықтық сауаттылығын арттыруға мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Жастар – бұл еліміздің болашағы мен үміті, сондықтан жастар арасындағы қылмыс деңгейінің жоғары деңгейде сақталуы, Елбасы Н.Ә Назарбаев бастама ретінде көтерген рухани жаңғыру ісіне кері ықпалын тигізуі мүмкін.