Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Жарияланды June 2026

2

2

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: dnurpeisova1983@mail.ru

Bio
×

Дина Нурпейсова

Нурпейсова Дина Суиндиковна – PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Bio
×

Назира Танкиш

Танкиш Назира – PhD, Саясаттану кафедрасы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

Кайсар Туганбаев

Туганбаев Кайсар Турсынкаримович -  Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Миссури университеті

Bio
×

Али Хан Муаззам

Хан Муаззам Али – профессор, Миссури университеті, Колумбия қ., Миссури штаты, АҚШ

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясаттың эволюциясы тар салалық реттеу шеңберінен шығып, ұлттық дамудың стратегиялық архитектурасымен ұштасқан көпдеңгейлі басқару кеңістігіне айналған үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі демографиялық өзгерістердің мазмұнын, олардың институционалдық логикасын және ұзақмерзімді демографиялық орнықтылыққа ықпал ету әлеуетін бағалау. Әдіснамалық негіз ретінде аралас зерттеу дизайны қолданылып, ұлттық статистика, халықара-лық салыстырмалы деректер, стратегиялық құжаттар және құрылымдық-салыстырмалы талдау біріктірілді. Зерттеу Қазақстандағы демографиялық өзгерістерді туу, көші-қон, урбанизация және қартаюдың жеке-жеке қозғалысы ретінде емес, бірін-бірі күшейтетін әрі шектейтін жүйелік байланыстар жиынтығы ретінде қарастырады. Біз қазіргі ахуалды «өсімнен орнықтылыққа өтудің» кезеңі деп пайымдаймыз: халық санының артуы мен салыстырмалы жоғары фертиль-ділік елге қолайлы мүмкіндік терезесін ашқанымен, бұл артықшылық әлеуметтік инфрақұры-лымның сапасымен, аймақтық теңгеріммен, көші-қонды басқару тиімділігімен және қартаюға институционалдық бейімделумен бекітілмесе, ұзақмерзімді дивидендке айналмайды. Мақалада демографиялық саясаттың жаңа мазмұны адами капиталды ұдайы өндіру, кеңістіктік дисбаланс-ты әлсірету, күтім экономикасын күшейту және дерекке негізделген өңірлік басқаруды қалып-тастыру міндеттерімен сабақтастырылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан үшін демографиялық орнықтылық халық санының механикалық сақталуы емес, демографиялық құрылымның сапа-лық теңгерімі мен әлеуметтік институттардың бейімделу қабілетіне тәуелді екенін көрсетеді.

Pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Нурпейсова, Д. et al. 2026. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 206–217. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.017.