Мақалада Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясаттың эволюциясы тар салалық реттеу шеңберінен шығып, ұлттық дамудың стратегиялық архитектурасымен ұштасқан көпдеңгейлі басқару кеңістігіне айналған үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі демографиялық өзгерістердің мазмұнын, олардың институционалдық логикасын және ұзақмерзімді демографиялық орнықтылыққа ықпал ету әлеуетін бағалау. Әдіснамалық негіз ретінде аралас зерттеу дизайны қолданылып, ұлттық статистика, халықара-лық салыстырмалы деректер, стратегиялық құжаттар және құрылымдық-салыстырмалы талдау біріктірілді. Зерттеу Қазақстандағы демографиялық өзгерістерді туу, көші-қон, урбанизация және қартаюдың жеке-жеке қозғалысы ретінде емес, бірін-бірі күшейтетін әрі шектейтін жүйелік байланыстар жиынтығы ретінде қарастырады. Біз қазіргі ахуалды «өсімнен орнықтылыққа өтудің» кезеңі деп пайымдаймыз: халық санының артуы мен салыстырмалы жоғары фертиль-ділік елге қолайлы мүмкіндік терезесін ашқанымен, бұл артықшылық әлеуметтік инфрақұры-лымның сапасымен, аймақтық теңгеріммен, көші-қонды басқару тиімділігімен және қартаюға институционалдық бейімделумен бекітілмесе, ұзақмерзімді дивидендке айналмайды. Мақалада демографиялық саясаттың жаңа мазмұны адами капиталды ұдайы өндіру, кеңістіктік дисбаланс-ты әлсірету, күтім экономикасын күшейту және дерекке негізделген өңірлік басқаруды қалып-тастыру міндеттерімен сабақтастырылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан үшін демографиялық орнықтылық халық санының механикалық сақталуы емес, демографиялық құрылымның сапа-лық теңгерімі мен әлеуметтік институттардың бейімделу қабілетіне тәуелді екенін көрсетеді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Жарияланды June 2026
31
21
Аңдатпа
Тіл
Українська
Кілт сөздер
демографиялық саясат
демографиялық трансформация
демографиялық орнықтылық
адами капитал
көші-қон
урбанизация
қартаю
Қазақстан
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурпейсова, Д. et al. 2026. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Jun. 2026), 206–217. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.017.

