Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ШАҒЫН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды June 2026

9

13

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: batyrkyzy76@mail.ru

Bio
×

Толганай Тауекелова

Тауекелова  Толганай Батырбековна – PhD, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  Алматы қ.,  Қазақстан.   

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Bio
×

Альмира Мукажанова

Мукажанова  Альмира Жапаровна - саяси ғылымдарының докторы, әлеуметтік  ғылымдар  кафедрасы, Абай атындағы  Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Bio
×

Фарида Султанова

Султанова  Фарида Мажитовна -   тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, , әлеуметтік  ғылымдар  кафедрасы, Абай атындағы  Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы қ., Қазақстан.  

Аннотация

Қазіргі  қоғамның «азаматтық», «индустриалдыдан кейінгі», «ақпараттық» және «инклюзивті» сияқты әртүрлі ұғымдары  бар.  Бұл қоғамдардың салыстырмалы сипаттамалары әрқайсысының өзіндік  ерекшелігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге олардың арасында белгілі бір байланыс та бар. Қазіргі қоғамдардың дамуының жан-жақтылығын ескере отырып, жеке елдердің аймақтық ерекшеліктерінің  тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық жағдайларын  талдау қызықты.

Көптеген  зерттеулер шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін  қарастырады, бірақ  шағын бизнес өкілдерінің  саяси көзқарастарына,  олардың әлеуметтік жауапкершіліктерінің  саяси аспектілеріне мән бермейді. Негізгі мақсатымыз - Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуына  шағын бизнестің   үлесін,  оның  әлеуметтік жауапкершілігінің   қалыптасуы  азаматтық қоғамның маңызды  өлшемі екендігін,   идеологиялық басымдықтарды белгілеу және даму перспективаларын  шағын бизнес өкілдерінің  көзқарасы  негізінде эмпирикалық  зерттеу.  Мақалада Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму кезеңдері, нарықтық экономиканың ерекшеліктері,  шағын бизнестің  қазіргі қоғамның негізгі әлеуеті ретіндегі орны, жалпы қоғамды демократияландыру мәселелері қарастырылады. Қазақстандағы азаматтық қоғамның  қазіргі жағдайы шағын бизнес субъектілері  арасында  жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде талданды. Зерттеу сандық әдіспен алынып,  701  респонденттер қатысқан сауалнама  жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша  шағын бизнес өкілдерінің қазақстандық қоғам үшін  ең маңызды идеологиялық мәселелерінің бірі -  азаматтардың  саналығын дамытатын  қоғамды  қалайтындары анықталды.  Зерттеу  көрсеткендей,  шағын бизнес иелерін -  экономикалық жауапкершіліктен тыс,  азаматтық  қоғамның  мәселелері  де  толғандырады. Шағын  бизнес   өкілдерінің  кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік жауапкершіліктің саяси өлшемдерімен де айналысады.  Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  экономикалық тиімділік қана емес, әлеуметтік тұрақтылық пен  азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған кешенді үрдіс ретінде қабылданатыны анықталды.

Pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Тауекелова , Т. et al. 2026. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ШАҒЫН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 17–31. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.002.