Мақала адам саудасына қарсы саясаттың нәтижелілігін қабылданған нормалардың санымен емес, олардың күнделікті әкімшілік тәжірибеде қалай орындалатынымен бағалайды. Қазақстан-да 2024 жылы арнайы заң қабылданып, құқықтық реттеу бір жүйеге келтірілді. Дегенмен жаңа нормалардың жәбірленушіні ерте анықтауға, мәжбүрлі еңбекті ашуға және ведомствоаралық есептілікке ықпалы жеке талдауды қажет етеді. Зерттеудің мақсаты – халықаралық стандарттар мен Қазақстандағы құқықтық реформа арасындағы нормативтік, операциялық және нәтижелік алшақтықтарды анықтау. Сапалық саяси-құқықтық талдау 2000-2024 жылдар аралығындағы тоғыз негізгі халықаралық және ұлттық құжатқа, сондай-ақ 41 ғылыми еңбекке (40 рецензия-ланған мақала мен бір ғылыми монографияға) сүйенді. Материалдар құқықтық анықтама, алдын алу, жәбірленушіні анықтау және жолдау, қорғау мен қалпына келтіру, қылмыстық қудалау және жазаламау қағидасы, үйлестіру мен деректер өлшемдері бойынша кодталды. Талдау 2024 жылғы реформа нормативтік бытыраңқылықты азайтқанын көрсетті. Алайда құқықтық сәйкес-тіктің өзі тиімді іске асыруға кепілдік бермейді. Әлсіз тұстар алғашқы байланыс мамандарының шешімдеріне, еңбек инспекциясының мәжбүрлеу белгілерін тану мүмкіндігіне, көмектің қылмыстық процеске қатысуға байланыстырылуына және ведомстволық деректердің өзара үйлеспеуіне қатысты. Мақалада адам саудасына қарсы саясат нормативтік сәйкестіктен нақты құқықтық нәтижеге дейінгі іске асыру тізбегі ретінде талданады. Осы тәсілден бірыңғай анықтау хаттамасын енгізу, тәуекелге негізделген еңбек бақылауын күшейту, деректерді қауіпсіз алмасу және қызмет нәтижесін өлшейтін индикаторларды қолдану жөніндегі ұсыныстар туындайды.
АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ІСКЕ АСЫРУ АЛШАҚТЫҒЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ РЕФОРМАСЫ
Жарияланды September 2026
4
1
Аңдатпа
Тіл
Українська
Кілт сөздер
адам саудасы
мемлекеттік саясат
халықаралық стандарттар
жәбірленушіге бағдарланған тәсіл
мәжбүрлі еңбек
цифрлық жалдау
Қазақстан
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жетпісбаев, Е. et al. 2026. АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ІСКЕ АСЫРУ АЛШАҚТЫҒЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ РЕФОРМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 95, 3 (Sep. 2026), 241–256. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.95.3.012.

